
19 Қаңтар, 2017
1012
«Мәңгілік елім менің - Вечная страна моя» поэзия антологиясының тұсаукесері
2017 жылғы 17 қаңтарда Алматы қаласының Достық үйінде «Мәңгілік елім менің - Вечная страна моя» поэзия антологиясының тұсаукесері өтті.
Антология Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әзірленді.
Іс-шараға Қазақстанның белгілі ақындары мен жазушылары, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктер, Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасы мен Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының өкілдері, Алматы қаласының жұртшылығы қатысты.
Іс-шараны модераторы Қазақстан жазушылары одағының төрағасы Оразалин Н болды.
Сөз сөйлегендер: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, прозаик Қанапьянов Б., ақын, аудармашы, «Алаш» халықаралық әдебиет сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің кавалері Чернова Н., Қазақстан жазушылары одағы төрағасының бірінші орынбасары Жайлыбай Г., ҚР Жазушылар одағы жанындағы орыс әдебиеті кеңесінің төрайымы, жобаның авторы Шашкова Л., Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты Аналитика және сыртқы әдеби байланыстар бөлімінің меңгерушісі, Антология соңғы сөз-мақаласының авторы Ананьева С., ҚР Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, «Қаламгер-медиа» компаниясының атқарушы директоры Әшімжан Ж., ҚР Жазушылар одағының хатшысы Райымбекұлы М., ҚР Жазушылар одағы жанындағы ұйғыр әдебиеті кеңесінің төрағасы Ашири А., Оңтүстік Қазақстан облысы «Чашма» өзбек әдеби бірлестігінің жетекшісі Пратов А.
Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерінің атынан Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Мамсуров К.В. сөз сөйледі.
Іс-шара барысында «Мәңгілік елім менің - Вечная страна моя» атты поэзия антологиясы салтанатты түрде Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасы мен Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтына тарту етілді.
***
Алғаш рет жарық көрген бұл кітапқа Қазақстанның көпұлтты әдебиетімен таныстыратын, атап айтқанда қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, күрді, татар, кәріс, шешен, белорус, неміс, түрік, дүнген т.б. алуан түрлі этнос өкілдерінің туындылары жинақталған. Антологияға ана тілінде жазылып, орыс тіліне аударылған лирикалық, лиро-эпостық, философиялық, публицистикалық жанрлардағы 50 ақынның өлеңдері енген.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Халық әуендері» ноталар жинағының тұсаукесері өтті
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
ЕЛІМІЗДЕ ҚХА ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН 1200-ДЕН АСА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА
-
П.Кесоглу: «Президент марапаты – менің өнердегі қызметім үшін берілген баға»
-
Абай облысында «Салауатты сана» республикалық жобасының тұсаукесері өтті
-
Талдықорған қаласының Достық үйінде «Менің шежірем» атты облыстық байқауы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Халық әуендері» ноталар жинағының тұсаукесері өтті
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
ЕЛІМІЗДЕ ҚХА ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН 1200-ДЕН АСА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА
-
П.Кесоглу: «Президент марапаты – менің өнердегі қызметім үшін берілген баға»
-
Абай облысында «Салауатты сана» республикалық жобасының тұсаукесері өтті
-
Талдықорған қаласының Достық үйінде «Менің шежірем» атты облыстық байқауы өтті