Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Қыркүйек, 2016

3365

Мәнерлеп оқу конкурсы

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы  Қазақстан халықтарының тілдері күнін атап өтуді жалғастырады. Достық үйінде атаулы күндердің аясында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Ал бүгін Достық үйінің акт залында жоғары және орта білім беретін оқу орындары студенттерінің арасында «Үш тіл білетін ұрпаққа үміт мол» атты мәнерлеп оқу конкурсы өтті.

Қазақстанда тілдер күні 22 қыркүйекте тойланады. Тілдер күні – еліміздің барлық азаматтарының достығы, туыстығы мен бірлігінің белгісі. Халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық - біздің еліміздің құрылысының негізгі тірегі.

Бүгінгі іс-шара Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы – Ұлт жоспарын орындау және «Үш тұғырлы тіл» идеясын іске асыру мақсатында өткізілуде. Екі апта арасында облысымыздың жоғары және орта білім беретін оқу орындарының студенттері іріктеу турынан өтті. Конкурсқа қатысуға 16 студент өтінім жасады, олардың ішінде Түпқараған ауданының және Жаңаөзен қаласының студенттері де бар. Конкурстың шарты бойынша қатысушылар белгілі бір ақынның немесе жазушының шығармасын 3 тілде мәнерлеп оқып беруі тиіс.

Достық үйінің сахнасында Абай Құнанбаев, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шаханов, Тарас Шевченко, Александр Сергеевич Пушкин, Сергей Есенин және тағы да басқа белгілі ақындардың шығармалары оқылды.

Конкурстың нәтижесі бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының және Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің атынан қатысушылар дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Қатысушалар келесі номинациялар бойынша марапатталды: «Үздік мәнерлеп оқу», «Үш тілді жетік меңгергені үшін», «Үздік талант», «Үздік ақындық қабілеті  үшін»,  «Үздік бейне», «Үздік шешендік қабілеті үшін», «Үздік әртістік қабілеті үшін», «Тақырыпқа сай және репертуарды таңдауы», «Интонациалық сөйлеу байлығы», «Сахналық мәдениеті».

Әділ қазылар алқасының құрамына ақын, Қазақстан жазушылар және журналисттер одағының мүшесі, Маңғыстау газетінің тілшісі  Шамшадина Анар Амангелдіқызы, Ақтау қалалық үйлестіру орталығының әдіскері  Ерғарина Сағира Салықбайқызы, облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Азан Гүлайым Бақытқызы,  Ақтау қаласы № 7 мектеп лицейінің мұғалімі Стец Елена Викторовна, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар инженеринг университетінің ағылшын пәнінің мұғалімі Мухамметярова Күзбибі Аманбекқызы кірді.

Іс-шараға 500-ге жуық қонақ қатысты, олардың ішінде мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Жас қанат» жастар ұйымының және облыстық жастар ресурстық орталығының белсенді жастары, университет және колледж студенттері, ҮЕҰ, қоғамдық белсенділер.

Байқау облысымыздың этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының концертімен аяқталды.

МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай