Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Ақпан, 2016

1046

Мұса Жәлилдің 110 жылдығына

Пусть сам погибну на чужбине где-то,

Но будет песня жить в стране родной.

(М.Ж.1942 ж. тамыз)

«Дуслык» татар-башқұрт қоғамдық орталығы ақпан әдеби-музыкалық кешін татар халқының атақты ұлы, поэзиясы әлемдік поэзия әдебиетінде жоғары орын алған  күрескер ақын шығармашылығына арнады. Мұса Жәлилдің өлеңдері – ерлік, адалдық нышаны, Отанға беріле қызмет етудің белгісі.

  Ақынның өмірі мен шығармашылық жолын (1919-40 және 1941-44 жылдар) қарай отыра  кешке қатысушылар және қонақтар оның поэзиясы бала жасынан-ақ (Мұса Жәлил 9 жасынан қалам  тартты, ал жергілікті газетте шығармалары 13 жасында басылды) халықтың өмірін еркін, зейінді, жақсырақ ету арманына арналғанына көз жеткізді. Алғашқы өлеңдері әділдік үшін жанын қиюға, Отанға деген сүйіспеншілікке арналды. Өлең жолдары балалар бойында мейірімділікті, достықты, адалдықты тәрбиелеуге негізделген.  Композитор Латыф Хамиди оның өлеңдеріне музыка жазады. Одан әрі басқа композиторлар да М. Жәлилдің өлеңдеріне әндер, романстар жазады, ал соғыс басталардан сәл бұрын Н.Жигановтың  «Алтыншаш» операсының тұсаукесері болады. Операға либреттоны  М. Жәлил жазды. Бұл – татар  музыка мәдениетіндегі жаңалық, бұл  – үлкен жетістік, өнердегі шың. 

1941 жыл. Соғыс. Мензелинскте қысқаша курстардан өтіп, Мұса Жәлил «Отвага» газетіне тілші ретінде жұмыс істеуге Волхов майданына жіберіледі.

Вернусь, коль останусь живым на войне.

Счастливо тебе, Мензелинск, оставаться.

(1941 жыл).

            М. Жәлил өлеңдері оның шығармашылығының шыңы – Моабит дәптерлері арқылы бізге жеткен, ол - теңдесі жоқ жалғыз әдеби ескерткіш болып қалған еңбек. Онда соғыс  жылдарында жазылған тамаша өлеңдер топтастырылған.

            Өлім жазасын күтіп отырған адамның достық, махаббат, күн, гүлдер туралы, қызы мен зайыбы туралы және туған жері туралы жырлауы үшін қандай жүректі адам болу керек десеңізші...   

            Коль сам умру, так песня не умрет,

            Она, звеня, свою сослужит службу,

            Поведав Родине, как здесь цветет

            В плененных душах цвет прекрасной дружбы.

(Т.Андре досыма, 1943 ж.)

            Ақын өзіне достық пен махаббаттың зор мәнін қайтадан ашқандай, ол осы сұрапыл әрі жан түршігерлік соғыста біздің халқымыздың жеңіске жететіндігіне бір рет те күмәнданбайды.

            Песни, в душе я взрастил ваши всходы,

            Ныне в отчизне цветите в тепле.

            Оның өлең жолдарынан оның жауға деген өшпенділігін сезінесің, сол кезде сенің бойыңды да сондай сезім билейді:

            Пускай мои минуты сочтены,

            Пускай ждет меня палач и вырыта могила,

            Я ко всему готов, но мне еще нужны

            Бумага белая и черные чернила!

            Абақтыда өткізген 791 күн және жауға бас имеген тұтқын-жәлилдіктер жөнінде айтылған үш мыңнан астам (одан да көп шығар) өлең жолдары ақын рухының асқақтығын айқындайды.

            И этой смертью подтвердим мы верность,

            О смелости узнает вся страна.

            Не этими ли чувствами большими

            О, друг мой, наша молодость сильна?!

(1943 жылғы қазан).

М.Жәлил өлім жазасына 1944 жылғы 25 тамызда кесілді. Әдеби-музыкалық кеште татар және орыс тілдерінде өте көп өлеңдер оқылды және оның өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды. Өлеңді мәнерлеп оқитын әр түрлі жастағы адамдардың іс-шараны өткізуге белсенді  қатысқаны қуаныш сыйлайды.

   

   

 

Ф.Ш.Файзулина

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

           

 

Кейін қарай