15 Шілде, 2019
4022
Мәскеуден шыққан халықаралық автоэкспедиция мүшелері Атырауға келді
9 шілде күні Мәскеу қаласында «Зов предков – 2019» халықаралық автожарыс бастау алды.
Жол талғамайтын 10 автокөлік 9 шілде – 14 қыркүйек аралығында Солтүстік және Оңтүстік Кореяны қоса алғанда, жеті елдің аумағы бойынша яғни, Москва – Ташкент – Нұрсұлтан – Улан-Батор – Пхеньян – Пекин – Сеул–Москва қалаларымен 30 мың шақырым қашықтықты жүріп өтеді. Экспедиция еуразиялық кеңістік мемлекеттері арасындағы достық қатынастарды дамытуға, экономикалық, мәдени, гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге арналған.
Экспедицияға қатысушылар арасында ресейлік және корей қоғамдық ұйымдарының басшылары, саяхатшылар, блогерлер, журналистер мен фотографтар бар.
Бұл жобаның топ басшысы Мәскеу облысының ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Эрнест Ким, ал координаторы «Тхоньиль» корей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Людмила Ли болып табылады.
14 шілде күні «Зов предков – 2019» халықаралық автожарыс маршруты Атырау қаласына келіп жетті. Достық үйінде экспедиция қатысушыларымен кездесу өтті.
Оның барысында сөз алған Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тіналиев осындай елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда бастау алған жобаның басшылары мен қатысушыларына Атырау тұрғындарының атынан ризашылығын білдіріп, экспедиция мүшелеріне оң сапар тіледі.
Халықаралық автожарыстың қатысушысы Александр Шин бұл жобаның мақсаты Ресей Федерациясының көпұлтты халқының азаматтық бірлігін нығайту, сонымен қатар, Ресейдің Өзбекстанмен, Қазақстанмен, Монғолиямен, Қытаймен, КХДР, Корея Республикасымен халықаралық байланыстарын дамыту болып табылады деген ойын жеткізіп, Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясына, Достық үйіне және Атырау қаласы әкімдігіне корей халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті туралы жинақталған кітаптарды тарту етті.
Жоба ұйымдастырушылары - «Ресей халықтарының Ассамблеясы» жалпыресейлік қоғамдық ұйымы, Мәскеу қаласы үкіметінің қолдауымен «Еуразия халықтарының Ассамблеясы» үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық одағы.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы