10 Наурыз, 2020
1272
Мәжіліс депутаты Наринэ Микаелян: Қоғамдық жұмыстарымды Ассамблея жоғары бағалады
Наринэ Микаелян үлкен саясатқа 33 жасында келді. Ол саясатты емес, саясат оны таңдаған жандардың бірі. Университет қабырғасынан армян этномәдени орталығының іс-шараларының бел ортасында жүріп, жастар белсендісіне айналған Наринэ Қазақстан халқы Ассамблеясының армян диаспорасы ұсынған өзінің кандидатурасын қолдағанын естігенде, қатты таң қалғанын жасырмады. «Мен қоғамдық жұмыстарды алғыс алу үшін немесе қандай да бір мансапқа қол жеткізу үшін атқармадым. Қоғаммен, халықпен жұмыс жасаған ұнайтын. Білесіз бе, тегін жұмыс атқарып жүргенде, бұл еңбегім еленеді, оны өзгелер байқайды деп ойламайсың», - дейді Мәжілістегі санаулы әйел-депутаттардың бірі Наринэ Гамлетовна.
Алматы қаласында туып-өскен Наринэ Гамлетовна соғыс жылдарында неміс тұтқынына түскені үшін туған Отанымен жазаланып, айдауға түскен отбасының ұрпағы. Оның Якутияда айдауда жазасын өткізген атасы кейін туған еліне оралудан бас тартып, Қазақстанға қоныс аударады. Отбасы Алматы аумағын мекендеп, сол жерде өсіп-өнеді. «Менің анам Қазақстанда дүниеге келген. Ал әкем Армениядан. Бірақ ол кейін анам үшін Қазақстанға қоныс аударуға келісім береді. Маған осылайша Қазақстанда туылу бақыты бұйырды», - дейді Парламент Мәжілісінде достықтың туын көтеріп, ұлтаралық татулық пен жалпыхалықтық бірлікті дәріптеп жүрген ең жас әйел депутат.
Сұқбаттың толық нұсқасын Қазақстан халқы Ассамблеясының мәдени-танымдық порталы «Еl.kz» сайтынан келесі сілтеме арқылы оқи аласыздар.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ