30 Мамыр, 2019
1796
Маңғыстау облысы ҚХА Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шара өткізді
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты жыл сайынғы халықаралық жобаның шеңберінде Қарақия аудан орталығында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарих қасіреті» акциясын өткізді.
Акция қатысушылары үшін аудан орталығында орналасқан мұнай мұрайжайына экскурсия ұйымдастырылды. Одан соң «Қасірет» мемориалының алдында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингі өтті.
Естеріңізге сала кетейік, «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» халықаралық жобасының іс-шарасын Қазақстан халқы Ассамблеясы алғашқы рет 2010 жылы Астана қаласында ұйымдастырып, «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде «Тарихтан - бүгінгі күнге» атты ТМД елдері тарихшыларының бірінші форумы өткен болатын. Оған 300-ден астам тарих ғылымының отандық және шетелдік ғалымдары қатысты. Форум нәтижесі бойынша тарихи мұраны зерттеудің бірыңғай жолдарын әзірлеу бойынша Астана Хартиясы қабылданды.
Қазақстан үшін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің үлкен мәні бар. Саясаттың салдарынан республика миллиондаған бейкүнә адамдар үшін депортация орнына айналды. Қатыгез саясаттың «халық жауын» айқындау нәтижесінде, тек қана қуғын-сүргінге ұшырағандар ғана емес, сондай-ақ олардың жақындары да зардап шекті.
Тоталитарлық режимнің қалауымен саяси қуғын-сүргіннен, қолдан жасалған жаппай ашаршылықтан қазақ халқының айтарлықтай бөлігі - 1 млн. 750 мың адамның өмірін жалмап, 103 мың адам қуғын-сүргiнге ұшырап, азапты лагерьлерде ұсталса, 25 мың адам жазықсыз атылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті