Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Мамыр, 2019

1682

Маңғыстау облысы ҚХА Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шара өткізді

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты жыл сайынғы халықаралық жобаның шеңберінде Қарақия аудан орталығында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарих қасіреті» акциясын өткізді.

Акция қатысушылары үшін аудан орталығында орналасқан мұнай мұрайжайына экскурсия ұйымдастырылды. Одан соң «Қасірет» мемориалының алдында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингі өтті.

DSC05736.JPG

Естеріңізге сала кетейік, «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» халықаралық жобасының іс-шарасын Қазақстан халқы Ассамблеясы алғашқы рет 2010 жылы Астана қаласында ұйымдастырып, «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде «Тарихтан - бүгінгі күнге» атты ТМД елдері тарихшыларының бірінші форумы өткен болатын. Оған 300-ден астам тарих ғылымының отандық және шетелдік ғалымдары қатысты. Форум нәтижесі бойынша тарихи мұраны зерттеудің бірыңғай жолдарын әзірлеу бойынша Астана Хартиясы қабылданды.

DSC05731.JPG

Қазақстан үшін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің үлкен мәні бар. Саясаттың салдарынан республика миллиондаған бейкүнә адамдар үшін депортация орнына айналды. Қатыгез саясаттың «халық жауын» айқындау нәтижесінде, тек қана қуғын-сүргінге ұшырағандар ғана емес, сондай-ақ олардың жақындары да зардап шекті.

Тоталитарлық режимнің қалауымен саяси қуғын-сүргіннен, қолдан жасалған жаппай ашаршылықтан қазақ халқының айтарлықтай бөлігі - 1 млн. 750 мың адамның  өмірін жалмап, 103 мың адам қуғын-сүргiнге ұшырап, азапты лагерьлерде ұсталса, 25 мың адам жазықсыз атылды. 

Кейін қарай