Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Маусым, 2021

360

Маңғыстау облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIII сессиясы өтті

Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі С.Ө.Трұмовтың төрағалығымен, «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» тақырыбындағы Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIII сессиясы өтті.


Отырыс жұмысына Маңғыстау облысының Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Серікбай Трұмов, әкімнің орынбасары Гүлмира Қалмұратова, азаматтық қоғам институттарының өкілдері - саяси партиялар, ҮЕҰ, оның ішінде этномәдени бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы этникааралық байланыс орталығы болып табылады. Бүгінде облыста 60-тан аса ұлт өкілі, сонымен қатар, мәдениет, тіл, салт-дәстүр мен әдет ғұрыпты насихаттайтын 20 этномәдени бірлестік және Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, РЖҚ «Жаңғыру жолы» өңірлік штабы, Ғылыми сараптамалық топ, Кәсіпкерлер қауымдастығы, медиация кабинеті жұмыс істейді.

Облыс әкімі Серікбай Өтелгенұлы облыста Ассамблея аясында жасалған жұмыстарды қорытындылады. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы өңірдегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, облысымыздағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуына айтулы үлес қосып келетіндігі туралы айтып өтті. Сонымен бірге, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында қабылданған шешімге сәйкес Ассамблея мен оның кеңесінің құрамы жаңартылды. Атап айтқанда, ҚХА-ның аймақтық құрамын жасарту және жаңарту мақсатында ротация қағидаты қолданылды. Осылайша, этномәдени бірлестіктердің 9 төрағасы одан әрі жұмыс істеу үшін төрағалықты өз бірлестіктерінің белсенді мүшелеріне берді.

Этномәдени бірлестіктер мүшелеріне оларды белсенді қоғамдық қызметі және ұлттық бірлікті нығайтуға, қоғамның рухани дамуына қосқан үлесі үшін алғысхат табыстады.

С.Трұмов «Достлуг» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Гусейнов Шамсадин Аллахвердиоглы мен "Маңғыстау облысының іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Ирина Беляеваны қоғамдық орынбасары етіп тағайынды.

Кейін қарай