13 Қыркүйек, 2015
1006
Маңғыстау облысындағы «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы Түпқараған ауданында. 3-күн
13 қыркүйек күні «Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясының мүшелері Маңғыстау облысының Түпқараған ауданына барды. Тарихпен танысу Форт-Шевченко қаласындағы Тарас Григорьевич Шевченко атындағы мұражайдан басталды. Мұражай қызметкері Айгүл Балабаева Т.Шевченко өмірі жайында кеңінен мағлұмат беріп, ақын өмір сүрген саябақ пен жертөле көрсетілді.

Бұдан кейін экспедиция тобы этнографиялық мұражайға барып, ауданда алғаш өмір сүрген орыс, түркімен, қазақ ұлттарының үй тұрмысында пайдаланған алғашқы заттарын көрді.
Содан соң экспедиция мүшелері Иса-Досан ескерткіші алаңында ұйымдастырылған мерекелік кездесуге қатысты. Іс-шара барысында аудан әкімі Т.Асауов пен «Нұр Отан» партиясының МОФ кеңесшісі Е.Іңірбаев жиналған жұртшылыққа іс-шараның маңызын айтып өтіп, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойымен құттықтады. Кездесу аясында экспедиция мүшелері жиналған жұртшылыққа Н.Ә. Назарбаевтың «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет: - 100 нақты қадам» Ұлт жоспары құжатындағы 86-87 қадамды қамтитын ақпараттық парақшаны таратты.
Экспедицияға қатысушылар Қаңғы баба қорымын көріп, аталмыш орынның тарихымен танысты.
МОӘА «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32