13 Наурыз, 2024
311
Маңғыстау облысының Достық үйінде «Ақсақалдардың аталы сөзі» Ақсақалдар кеңесінің республикалық конференциясы өтті
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жеңіл атлетикадан КСРО Еңбек сіңірген спорт шебері Әмин Тұяқов, ақын, жазушы Камал Әлпейісова, Астана, Алматы, Шымкент, және облыстардың Ақсақалдар кеңесінің төрағалары қатысты.
Ақ дастархан жайылып, кимешек киген әжелер шашу шашып, О. Құлсымақ және дәстүрлі әншілер ән айтып, қонақтарды қарсы алды. Сонымен қатар қазақтың салтына сәйкес ақсақалдарды келіндер «Сәлем салу» рәсімімен қарсы алды. Артриумда «Айша күмістері» ұлттық бұйымдарының, «Стелла» ұлттық киімдерінің, «Айханым» балалар ұлттық киімдерінің, «Асыл мұра» (көрпе, жастық) бренді өнімдерінің және «Ақнек Берекет Ф» сүт өнімдерінен көрмесі ұйымдастырылды. Қонақтар арнайы тақырыпқа сай безендірілген банер-фотозонаға суретке түсті.
Сонымен қатар конференция барысында спикерлер сөз сөйлеп, Жаңаөзен қаласынан келген белгілі ақын, сазгер, республикалық байқаулардың жүлдегері, танымал әндердің авторы Тілеген Әли алқалы жиынға арнайы әр облыстан келген ақсақалдарға Арнау өлеңін оқыды. Конференция МО ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділовтың көпшілікке арналған үндеуімен қорытындыланды.
Шара «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде жалғасын табады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Катонқарағай ауданында этноквиз өтті
-
Қарағанды облысында «Медиация, дау-дамайларды реттеу, этномедиация» тақырыбында іс-шара өтті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ-ның жоғары оқу орындарымен және студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарымен өзара іс-қимылын талқылау бойынша кеңес өтті
-
Сыртқы істер министрлігінде «Ассамблея жастары» халықаралық жұмысы жөнінде жиын өтті
-
Алматы облысында «Отбасы-тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі» тақырыбында облыстық семинар өтті
-
Алматы облысында этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен дөңгелек үстел өтті
24 Шілде, 19:18
Алматы облысында этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен дөңгелек үстел өтті
19 Шілде, 19:39
Мәдениет және ақпарат министрлігінде ҚХА жастары жобаларын қолдау мәселелері талқыланды
23 Шілде, 10:37
Петропавл қаласында Сабантуйдің мерекесі өтті
23 Шілде, 10:33
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» атты арнайы жобасын жүзеге асыруда
22 Шілде, 18:34
Жезқазған қаласы Аналар кеңесінің отырысы өтті