Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Шілде, 2015

856

Маңғыстаулық өнерпаздар Түркиядан олжалы оралды

Маңғыстаулық «Нұр» би ансамблі Түркияның Аланья қаласында өткен «Жұлдызды жаз» халықаралық өнерпаздар байқауынан бас жүлдемен оралды.

Маңғыстаулық «Нұр» би ансамблі Түркияның Аланья қаласында өткен «Жұлдызды жаз» халықаралық өнерпаздар байқауынан бас жүлдемен оралды. Шараны ұйымдастырушысы «Lucky People» халықаралық өнер ассоциациясы.

Өнер додасында балалар ән айту, би билеу, күй тартудан сынға түсіп, өз бақтарын сынаған. Шараға Қазақстан, Ресей, Түркия және т.б мемлекеттерден мыңдаған өнерпаз қатысқан.

Маңғыстаудан қатысқан «Нұр» би ансамблі шарада армяндардың «Шалахо» биі мен кавказ халықтарының лезгин биін билеген. Ансамбль мүшелері 5-11 жас аралығындағы балалар: Аванесян Артем, Карпова Дана, Карпова Диана, Дыкина Александра, Насибов Расим, Нұрболатқызы Әлия.

Өнерлілер сайысында бас жүлдені алған маңғыстаулықтарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар, сондай-ақ, күз айында Испания қаласында өтетін халықаралық конкурсқа жолдама берілген. Енді маңғыстаулық өнерпаздар өз бақтарын күз айында Испанияда өтетін байқауда сынайтын болады. «Бұл сайыстан бас жүлден алу біз үшін зор табыс деп білемін. Себебі, біз осы байқауда билеген билерімізді  бір жылдан артық үйрендік. Бізден бөлек, бұл сайысқа Қазақстанның басқа да өңірлерінен: Тараз, Шымкент, Астана қалаларынан өнерлі балалар келді. Жеңіске лайықты топтар көп болды. Алайда, біз де өз мықтылығымызды көрсеттік. Енді, Испанияда өтетін жарысқа жақсылап дайындалып, ол жақтан да жүлдемен қайтамыз деген ойдамын», - дейді «Нұр» би ансамблінің жетекшісі Георгий Карленович.

 

 

Кейін қарай