05 Қазан, 2015
2391
«Махмұд Қашқаридың жүзжылдық сөздігі»
2015 жылғы 5 қазанда Петропавл қаласында түркі мәдениетінің апталығы басталды. Аталмыш іс-шара Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының, «Қоғамдық келісім» және этномәдени бірлестіктерінің басшылығымен дәстүрлі түрде өткізіледі.
2015 жылғы 5 қазанда Петропавл қаласында түркі мәдениетінің апталығы басталды. Аталмыш іс-шара Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының, «Қоғамдық келісім» және этномәдени бірлестіктерінің басшылығымен дәстүрлі түрде өткізіледі.
Апталық аясында «Махмұд Қашқаридың жүзжылдық сөздігі» дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара барысында белгілі ғалым, филолог және лексикографтың еңбектерінің әртүрлі аспектілерін қамтыған маңызды әрі қызықты мәселелер талқыланды.
Дөңгелек үстел барысында «Диуани лұғат ат-түрік» сияқты туындыны филология мен лексикологияның дамуында қосқан аса құнды үлесі туралы баяндамалар оқылды. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті "Қазақстан халқы ассамблеясы" кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Людмила Гривенная сөздіктің пайда болу тарихын, оның тағдыры туралы айтып берді. Ал университеттің қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Татьяна Ахметова өзінің баяндамасында Махмұд Қашқари филологияның дамуына, түркі халықтар тілдерінің әріқарай қалыптасуына қосқан үлесі туралы. "Конфессияаралық қатынастардың даму және талдау орталығы" КМК сарапшысы Бейсембина Гүлмира Махмұд Қашқариді дінтану саласындағы еңбектеріне тоқталды. Тарих, экономика және құқық факультетінің студенті Гүлмира Танақұлова өзінің баяндамасында Махмұд Қашқаридің өмірлік және шығармашылық жолы туралы айтса, М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің теология факультетінің 2-курс студенті Приймак Ирина ұлы ғалымға арнап өз поэмасын оқыды. Дөңгелек үстелдің ең жас қатысушысы - қазақ-түрік лицейінің 10 - сынып оқушысы, "Түркі мәдениеті" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Махмұд Қашқаридың қанатты сөздерін түркі тілінде оқып берді.
Тарих ғылымдарының докторы, Алматы қаласы мәдениет саяси институты ескерткіштану секторының меңгерушісі, Махмұд Қашқаридың еңбектерін зерттеуші Марат Сенбі дөңгелек үстелдің құрметті қонағы болды.
Дөңгелек үстелдің соңында "Түркі мәдениеті" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қартал Идрисбей аталмыш іс-шаралардың ерекше маңыздылығы мен құндылығын атап, ғылым мен тәрбиеге үлкен септігін тигізетінін айтты.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушысы және модераторы "Түркі мәдениеті" қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Диляря Хасанова болды.
Петропавл қ., Достық үйі,
Солтүстік Қазақстан облысы
«Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігі
«Қоғамдық келісім» КММ
9 Қыркүйек, 12:24
Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Қазақ тілі – қазығым» байқауы өтті
9 Қыркүйек, 16:49
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасымен кездесуі өтті
10 Қыркүйек, 08:32
Қырғызстаннан келген делегация ҚХА-ның қазақстандық тәжірибесімен танысты
11 Қыркүйек, 17:08
Қазақстан халқы Ассамблеясы киберспортты қолдайды
13 Қыркүйек, 15:04
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» ҚБ төрағасымен кездесуі өтті