Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Сәуір, 2022

474

Максим Рожин: Еліміздегі барлық этнос өкілдерін «Жаңа Қазақстанды» құруға шақырамын

— Барлығымыз Жаңа Қазақстанды құруға атсалысып келеміз. Мен Кеңес мүшесі ретінде оның алғышарттарын өз көзіммен көрдім. Қазір болашағымызды айқындайтын тарихи бастамалар жүзеге асып жатыр. Бір сөзбен айтқанда шаруалар өте көп. Бірақ өзгерістер осымен тоқтап қалмайды. Өзіміз жуырда кеңеске ұсынылған өзгерістер жөнінде қоғамда үлкен талқылау жүріп жатыр. Бұл ұсыныстардың барлығы еліміздің одан әрі демократияландыруға арналған нақты міндет. Оның негізінде сайлау жүйесі өзгереді. Әсіресе мажоритарлық сайлау жүйесінің қайтып келгенін халық қуанып қарсы алып жатыр. Сонымен қатар әкімдерді сайлап жатырмыз. Өзім халық арасында жүргеннен кейін барлығына куәмін. Ең бастысы қолға алынға жұмыстап мен Ата Заңымыздың негізі саналатын азаматтардың өмірін көздейтін шараларды жүзеге асыруымыз керек. Ол үшін бірлік пен ынтымақ керек. Мен өзінің құндылығын шынайы бағалайтын және сақтайтын халықтың ғана болашағы зор деп білемін. Өзінің болашағын туған еліміз Қазақстанмен байланыстыратын әрбір қазақстандық үшін еліміздің мәдениеті, тарихы, тілі бір деңгейде болуы керек. Бұлай дейтін себебім құндылықтың біреуін ғана алып, біреуін елемеу ол бірліктің белгісі емес. Белгілі ақын Қадыр Мырза Әлі атамыз: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп айтқандай бүгінде елімізде мемлекет тарапынан кез келген этносқа өзінің тілін, өзінің мәдениетін білуге барлық жағдай жасалған. Оның бір дәлелі елімізде орыс,өзбек, ағылшын, неміс тілдерінде жұмыс істейтін орта мектептер бар. Қазақ тілінің шын мәнінде жоғары дәрежеге жетуі үшін бірлесе жұмыс атқаруымыз керек. Осы орайда Қазақ тілі қоғамы арқылы тілге арналған көрнекті жобасын бастап жатырмыз. Сонымен қатар Ассамблеямен бірлесе отырып біз еліміздің әр қаласында «Сөзуар» сөйлесу клубтарын бастадық. Ол өз кезегінде көмегін тигізеді деп ойлаймыз. Алайда қоғам қазақ тіліне көшіп жатқанда бұл талап мемлекеттік қызметкерлер үшін де күшеюі керек деп ойлаймын.

Себебі қазақ тілі қазіргі кезде қоғамның негізгі қолданыс тіліне айналып келеді. Сондықтан мемлекет қызметкерлері қазақ тілінен тапсыратын емтихан нәтижесі есептелуі керек деп санаймын. Сонымен қатар мемлекеттік тілде шығатын медиа контент мәселесі қолға алынуы керек сияқты. Бастысы ұлттық құндылықтар аясында жасалатын барлық реформаларымыз біз Ассамблея және қоғам белсенділері бірлесе атсалысуға дайынбыз. Сондықтан еліміздегі барлық этнос өкілдерін жұдырықтай жұмылып Жаңа Қазақстанды құруға шақырамын.

Кейін қарай