
11 Мамыр, 2023
467
«Манас – қазақ, қырғыз жыршылық өнерінің алтын арқауы» атты шығармашылық кеші
Ассамблея түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалайды, өйткені түркі халықтарын ортақ тарих, мәдениет және тіл біріктіреді. ҚХА құрылған сәттен бастап түркітілдес этностар ынтымақтастығын кеңейту және дамыту бойынша елеулі, жемісті жұмыстар атқарылды. Өз сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында «Ұлы Абай «Еш қазақ қырғыз бен қазақтың бір тұқымдас екеніне таласпайды» деген. Алатаудың бөктерін қатар жайлаған егіз халық болашаққа бірге қадам баса береді. Біз басқа да бауырлас елдермен, көрші мемлекеттермен қарым-қатынасты осындай деңгейде жалғастыруымыз керек», - деп атап өтті.
Тарихы да, тағдыры да, танымы да ұқсас осы екі ұлтқа ортақ дүние аз емес. Шері мен шежіресі қатар өрілген туысқан халықтардың рухани байлықтарын ғана емес, ұлттық мүдделер тұрғысында да байланыстыратын тұстары өте көп. Жалпы алғанда, қазақ және қырғыз халқының мәдени саладағы қарым-қатынасы жан-жақтылығымен ерекшеленеді.
Жоғарыда аталған ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, Ассамблея Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуіне, сақталуына, және дамуына бағытталған жұмысын жалғастыруда. Айқын мысалы ретінде Алматы қаласы республикалық Достық үйінің және “Мурас” қырғыз этномәдени орталығының ұйымдастыруымен өткен «Манас – қазақ, қырғыз жыршылық өнерінің алтын арқауы» атты шығармашылық кешті келтіруге болады. Аталған іс-шараға қазақ және қырғыз зиялы қауым өкілдері мен қабырғалы қаламгерлері, белгілі манасшылар қатысты. Атап айтқанда, «Манас» жырын 124 сағат оқып, Гиннес рекордын орнатқан белгілі манасшы Рысбай Исаков, «Башканы коюп, Манасты айт» атты конкурстың жеңімпазы, жас манасшы Нурбек Талантбеков, Қырғызстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Назарали Арипов қатысты.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпаққа асыл жырлар мен термелерді насихаттау, бауырлас екі мемлекет арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Шығыс Қазақстан облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Батыс Қазақстан облысы
11 Маусым, 12:38
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
сегодня, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
12 Маусым, 23:59
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы
вчера, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Шығыс Қазақстан облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Батыс Қазақстан облысы