Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Қыркүйек, 2021

220

Марат Әзілханов: Қазақстан Германиямен қарым-қатынастардың барлық кешені бойынша ынтымақтастықты дамытуға басымдық береді

2021 жылғы 10 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Федералдық үкіметтің қоныс аударушылар және аз ұлттар істері жөніндегі өкілетті уәкілі Бернд Фабрициус мырзамен кездесті.

Кездесу барысында Марат Әзілханов делегацияны Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымы және қызметімен таныстырып, Қазақстанның қағидаттық ұстанымы – этникалық мәселелерді саяси мақсаттарда пайдалануға жол бермеу екенін ерекше атап өтті.

Қазіргі уақытта Қазақстанда неміс этномәдени орталықтары құрылып, тиімді жұмыс істеуде. 50 жылдан астам уақыт бойы «Deutsche Allgemeine Zeitung» республикалық апталық неміс газеті жарияланып келеді. Алматы қаласында Республикалық Неміс академиялық драма театры жұмыс істейді.

Марат Әзілханов Қазақстан мен Германияның жақсы қарым-қатынаста екенін және Германиямен ынтымақтастықты дамытуға алдағы уақытта басымдық берілетінін атап өтті.

«Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты қарым-қатынастар соңғы жылдары қарқынды және жемісті дамуда, тұрақты саяси диалог орнығып, сауда-экономикалық ынтымақтастық нығаюда, қомақты шарттық-құқықтық база құрылып, мәдени — гуманитарлық байланыстар кеңеюде», -деді ҚХА Төрағасының орынбасары.

Ол сондай-ақ қазіргі уақытта Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы желісі бойынша бірқатар жобалар табысты іске асырылып жатқанын атап өтті. Білім және ғылым министрлігі мектеп деңгейіндегі неміс тарапының: DSD – мектептер мен PASCH-мектептер жобаларын іске асыруда белсенді көмек көрсетеді, олардың шеңберінде неміс тілін тереңдетіп оқыту жүріп жатыр.

Анықтама. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Көші-қон заңнамасын ырықтандырды және ГФР билігінің көші-қонды белсенді ынталандыруымен неміс халқы тарихи отанына жаппай көшуді бастады. 1992 жылы Қазақстаннан 80 мың неміс, 1993 жылы 100 мың адам, 1994 жылы 120 мың неміс кетті.

Кейін қарай