Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Мамыр, 2021

347067

Марат Әзілханов ҚХА-дан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.А. Әзілхановтың ҚР Парламенті Мәжілісінің VIІ шақырылымының ҚХА-дан сайланған депутаттарымен жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шараға ҚХА-дан сайланған депутаттар Сауытбек Абдрахманов, Аветик Амирханян, Ильяс Буларов, Наталья Дементьева, Вакиль Набиев, Юрий Ли, Шамиль Осин, Владимир Тохтасунов және Абилфас Хамедов қатысты.



Кездесу барысында ҚХА төрағасының орынбасары бірлескен жұмыстың жаңа тәсілдерін қалыптастырудағы басты міндеттерге тоқталды. Атап айтқанда, ол депутаттардың Қоғамдық келісім кеңестерімен, Аналар кеңестерімен, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесімен және кафедраларымен, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысымен өзара іс-қимыл жасау қажеттігіне баса назар аударды және депутаттардың ҚХА жұмысының негізгі бағыттарына жетекшілік жасауын бекітуді ұсынды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.А. Абдрахманов ҚХА депутаттық тобының қызметімен және 2021 жылға арналған міндеттерімен таныстырды.

Жиын соңында бірлескен жұмыстың негізгі міндеттерін анықтады.


Кейін қарай