Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Қыркүйек, 2021

430

Марат Әзілханов Қызылорда облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің жетекшілерімен кездеседі

17 қыркүйек күні сағат 10:00-де Қызылорда қаласының Достық үйінде ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің жетекшілерімен кездеседі.

Іс-шараға Қызылорда облысы әкімдігінің өкілдері, өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ҚХА мүшелері, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері және т.б. қатысады.

Кездесуде Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жүзеге асыруға Қазақстан халқы Ассамблеясының қатысу мәселелері, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының қызметін жетілдіру мәселелері талқыланады.

Кейін қарай