17 Қыркүйек, 2021
354
Марат Әзілханов Қызылорда облысы ҚХА ЭМБ мен қоғамдық құрылымдарының басшыларымен кездесті
Қызылорда қаласының Достық үйінде ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қызылорда облысы ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшыларымен кездесті.
Іс-шараға өңірдің этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, ҚХА мүшелері, Қызылорда облысы әкімдігінің өкілдері, жастар, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты.
Кездесуде Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жүзеге асыруға Қазақстан халқы Ассамблеясының қатысуы мәселелері, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін нығайту жөніндегі алдағы уақытта іске асырылатын шаралар талқыланды.
Іс-шара барысында облыстық ҚХА қоғамдық құрылымдарының қызметін қайта форматтау және одан әрі жетілдіру туралы, атап айтқанда, мемлекеттік тілді ілгерілету, қайырымдылық және волонтерлік жұмыстарды күшейту, ҚХА жастар қозғалысын, медиацияны және басқа да өзекті бағыттарды дамыту мәселелері талқыланды.
М.Әзілханов Қызылорда облысы Қазақстан халқы ассамблеясының татулық пен келісімді нығайтуға және өңірдегі барлық этностардың мемлекеттік тілді меңгеруіне қосқан үлесін жоғары бағалады, ҚХА мүшелерінің қайырымдылықты дамытудағы әлеуметтік жауапкершілігін атап өтті.
Кездесу соңында Марат Әзілханов өңірдегі Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының жекелеген өкілдеріне Алғыс хаттар тапсырып, қоғамдағы бірлікті, достық пен келісімді нығайту бағытындағы жұмыстары үшін алғыс айтты.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Актөбе облысы
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті