15 Маусым, 2021
109
Марат Әзілханов жастар ұйымдарының жетекшілерімен кездесті
Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілхановтың жастар ұйымдары жетекшілерімен бейресми форматтағы кездесуі өтті.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі А.Оралов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА және ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесі мүшелері, республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Іс-шарада ҚХА жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымы мен жастар ұйымдары арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
- Бүгін «Жарасым» жастар ұйымы мен жастар ұйымдары арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып отыр. Әрине, бұл меморандум барлық істің бастамасы болмақ. Осы ынтымақтастықтың арқасында көптеген игі шара өтетініне сенімдімін. Алдағы уақытта да сіздермен бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз, - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов өз сөзінде.
Сондай-ақ, жас кәсіпкерлерді ҚХА қызметіне тарту, ҚХА мен «Nur Otan» партиясының жастар құрылымдарының өзара әрекеттесуі, сондай-ақ аймақтық волонтерлік ұйымдар мен Достық үйлері арасындағы өзара байланысты дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен бірге, ҚХА республикалық жастар ұйымдарының консолидаторы болды.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар жастар бастамаларын қолдауға және жастардың әлеуметтік мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бірлескен жобаларды, сондай-ақ қайырымдылық пен еріктілікті кешенді дамыту орталығы ретінде аймақтық Достық үйлерін дамыту перспективаларын талқылады.
ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарға және олардың жобаларына белсенді қолдау көрсетуге дайын және ҚХА жастар қозғалысы жастар жобаларын дамыту және ҚХА-ның жастар қоғамдастығымен өзара іс-қимылын күшейту орталықтарына айналуы тиіс екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алексей Лодочников: Жастар Жаңа Қазақстанды дамытуға үлес қосуы керек
-
"Ассамблея Жастары" еліміздің қалаларын көгалдандыру жұмыстарын жалғастыруда.
-
АҚДМ Басшысы Алматы медиа қоғамдастығы өкілдерімен кездесті
-
Жастармен кездесу
-
Этнос жастары сурет салу байқауында отаншылдық пен бірлікті дәріптеді
-
Жамбыл жастары мемлекеттік қызметке түсу жолдарымен танысты
23 Маусым, 15:15
«Ұлттық құрылтай – билік пен қоғам диалогының жаңа кезеңі» атты ҚХА кеңейтілген Кеңесінің отырысы өтті
вчера, 16:35
«Барбанг» жастар комитетінің кезекті жиналысы өтті
22 Маусым, 20:25
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілхановтың Түркияның Бас омбудсмені Шерем Малкочпен екіжақты кездесуі өтті
23 Маусым, 18:56
22 маусым күні Алматы қаласы республикалық Достық үйінде Грек Республикасының Қазақстандағы елшісі – Эфталия Какиопулумен кездесу кеші өтті
27 Маусым, 16:39
Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы
Ұқсас жаңалықтар
-
Алексей Лодочников: Жастар Жаңа Қазақстанды дамытуға үлес қосуы керек
-
"Ассамблея Жастары" еліміздің қалаларын көгалдандыру жұмыстарын жалғастыруда.
-
АҚДМ Басшысы Алматы медиа қоғамдастығы өкілдерімен кездесті
-
Жастармен кездесу
-
Этнос жастары сурет салу байқауында отаншылдық пен бірлікті дәріптеді
-
Жамбыл жастары мемлекеттік қызметке түсу жолдарымен танысты