Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Мамыр, 2016

922

Майдангерлерге мың тағзым

Елбасымыз Н.Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларға жан – жақты қолдаудың маңыздылығын әрбір сөзінде атап өтеді. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен «Қайырымдылық керуені» ұлттық қайырымдылық науқанын өткізу 2015 жылдан бастап қолға алынды. Ал 2016 жылы осы қайырымдылық акциясы «Қоржын» атауымен өз жалғасын табуда.

Ағымдағы жылдың  20 сәуірінде «Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында» Меценаттар клубы құрылған болатын. Бұл клубтың негізгі мақсаты қаламыздың қайырымдылыққа көңіл аударған азаматтарының басын қосып, әлеуметтік жағдайы төмен жандарға көмек көрсету болып табылады.

Осыған орай Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында «Сулпак» - сауда кешені мен «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының» - қызметкерлері бірқатар ардагерлерімізді құттықтап, бағалы сыйлықтар жасады.

Елі мен жеріне еңбегі сіңген қарт майдангерлер қандай сый құрметке болсын лайық жандар. Майдангер қарттардың бұл күнде қатарларының сиреп бара жатқандығы көңілге кірбің түсіреді.  

   

Кейін қарай