08 Қыркүйек, 2016
1172
Медиацияға арналған тренинг
Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын іске асыру шеңберінде жұмыстар жүргізуде. Осыған орай, 2016 жылы 6 қыркүйек күні «Кәсіби емес медиаторлардың базалық дағдылары» тақырыбында Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процессі орталығының медиаторы А.Куртаеваның қатысуымен бір күндік тренинг өткізілді.
Тренинг жұмысына Атырау облысының этномәдени бірлестіктер басшылары, аудандық Қоғамдық келісім және Аналар кеңестері мүшелері және Атырау қаласындағы кәсіпорындар мен мекемелердің қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері қатысты.
Тренингтің мақсаты мен міндеті кәсіби емес медиатордың жұмысына қажетті теориялық білімдерді меңгеріп, тәжірибелік дағдыларды бекіту болып табылады. Қатысушыларды этносаралық қатынастар саласындағы дау-жанжалдарды медиация құралдарын және келіссөздер процессі техникасын қолдау арқылы реттеу және алдын-алу тәсілдерімен таныстыру, дауласып жүрген тараптарды орынды келісімге келтіру жолдарын үйрету, коммуникативтік процестің тактикалары, стратегиялары және құралдарымен таныстыру болды.
Тренингтің бағдарламасы этносаралық дау-жанжалдарды реттеу және алдын-алу бағытында кәсіби емес медиаторларды оқытуға арналған және медиация рәсімін өткізуге қажетті білімдер беру.
Тренинг барысында қатысушыларға медиация ұғымы және оның негізгі қағидалары, техникалары, құралдары, ол арқылы дауларды шешудің жаңа әдістері, дауларды шешудегі медиаторлардың рөлі туралы ақпараттар бейне роликтер арқылы көрсетілді. Қазіргі таңда елімізде күн сайын медиацияға жүгінетіндердің саны артып, бітімгершілікпен татуласатындардың саны көбейіп, аталған заңның қолданылуы көбейіп келе жатқанына назар аударылды.
Қатысушылар көптеген сұрақтарына қажетті жауап алып, арнайы тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің медиациялық білімдерін арттыру мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.
Тренинг жұмысы туралы облыстық жергілікті БАҚ-та хабарламалар берілді.
Атырау облысы әкімі аппарытың
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
Қарағандыда ҚХА 30 жылдығына арналған «Ақсақалдар тағылымы – адал қоғамның кепілі» салтанатты іс-шарасы өтті
-
ҚХА 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
-
Астанада мемлекеттік қызметшілерге этносаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыру бойынша семинар-тренинг өтті