Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Тамыз, 2015

646

МЕДИАЦИЯ – БЕЙБІТ ШЕШІМДЕРДІҢ ИНСТИТУТЫ

Қарағанды облыстық Ассамблея Хатшылығының бастауымен Медиация орталығын ашу күн тәртібіндегі мәселеге айналды. Медиация орталығының қажеттілігін түсіндіру-талқылау мақсатында өткізіліп жатқан шаралар аз емес.

Қарағанды облыстық Ассамблея Хатшылығының бастауымен Медиация орталығын ашу күн тәртібіндегі мәселеге айналды. Медиация орталығының қажеттілігін түсіндіру-талқылау мақсатында өткізіліп жатқан шаралар аз емес.

Осы мәселе талқылау мақсатында  Қарағанды қаласында «Медиация» - азаматтық біртектілік пен қоғамдық келісімді нығайту институты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Ассамблея Хатшылығының басшысы Ерлан Құсайын, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Бауыржан Рапиков, «Диалог» - дау-жанжалдарды шешу орталығы» директоры Т. Савицкая, облыстық сот судьясы Д. Крюков, салық департаменті өкілдері, облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобы және облысымыздағы белді жоғарғы оқу орындары оқытушылары қатысты.

2011 жылы Мемлекет басшысы Медиация жайлы заңға қол қойғаны белгілі. Елбасының бұл заңды қабылдаудағы көздеген мақсатының бірі – тұрмыстық дау-жанжалдарды, түрлі негіздегі шиеленістерді ушықтырмай, уақытылы, медиаторлардың көмегімен шешуге жол жасау болатын. Көптеген дамыған елдердің үлгілі тәжірибесіне сүйеніп жасалған аталмыш заңның осы күнге дейін құрылымы тұрақты жүйеленбеген. Медиация ісін дамытуда әлі де іске қосылмаған аспектілерді ескере отырып, осы саладағы барлық қарама-қайшылықтарды шешіп, кемшін тұстардың орнын толтыру – бүгінгі мәжіліс қатысушыларының қызу талқылауына түсті.

Дөңгелек үстел барысында медиация қызметін енгізудегі негізгі мақсаттардың бірі – ең қысқа уақытта, минималды қаржылық шығындармен аса күрделі қақтығыстардың шешу технологиясы мәселелер талқыланды. Бұл мүмкіндіктерді жүзеге асыру заң жүзінде бекітілгенмен, медиатор мамандар және оларды дайындайтын орталықтар аймақтарда көптеген мемлекеттік құрылымдармен өз қызметтерін үйлестіре алмай келеді. Оның жалғыз себебі – заң толыққанды жетілмеген, сондай-ақ, ақпараттандыру жұмыстары жүргізілмейді. Мәселен, медиация орталықтарында тіркеуде тұрған медиаторлар үшін салық төленуі тиіс екені анықталды. Бүгінгі күні осындай қарама-қайшылықтар осы салада жеткілікті. Қатысушылар осы сұрақ жөнінде және Достық үйі негізінде сот мекемелерінде медиация кабинетін ашу мүмкіндігінің қажеттілігі туралы ұсыныс-арыздарын білдірді.

Дөңгелек үстелде талқыланған екінші тақырып – жоғарғы оқу орындары жанында ҚХА кафедрасын құру. Бұл іске облысымыздағы алдыңғы қатарлы ЖОО ат салысуда. Оның ішінде, Қарағанды Экономикалық университеті, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ және т.б.

Жиын барысыныда талқыланған барлық мәселелер мен ұсыныстар жоғарғы оқу орындарының ректорларына жеткізіліп, Медиация орталықтарының құзыретін анықтап, күшейтетін толық қорытынды ұсыныстар мен толықтырулар келесі мәжілісте айқындалады деп белгіленді.

Елімізде медиация институтын жан-жақты дамытуды жеделдететін негізгі себептердің бірі – Президент тапсырмасы. Аталмыш идеяны өміршең ету – ҚХА  жүктелген негізгі міндет.

Қарағанды облысы әкімдігінің

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

тел., WhatsApp: +77024190203

e-mail: arai.lym.nur@gmail.com

Кейін қарай