
17 Ақпан, 2017
1583
Медиация – дау жанжалсыз өмір
Ағымдағы жылдың 16-17 ақпан күндері облыстық Достық үйінде «Медиация негіздері» атты шеберлік-сыныбы мен «Этносаралық медиативті өкілеттілік» тақырыбындағы семинар-тренингі өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген ҚХА-ның 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің жаңа бағыттарының бірі елдегі медиация институтын дамыту. Шараның негізгі мақсаты да Елбасы тұжырымдамасын жүзеге асыру. ҚХА медиация институтын кеңінен таныту және оның қызметін нығайтып, халық арасында даулы және шиеленісті жағдайларды сотқа жеткізбей шешу мәдениетін қалыптастырып, дамыту.
Іс-шараға облыстық, қалалық Сот, «Нұр Отан» партиясының облыстық, қалалық филиалдарының өкілдері, этномәдени орталықтардың белсенділері, Аналар кеңестері, Ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, Талдықорған қалалық заң колледжінің студенттері, аудандардағы кәсіби емес медиаторлар қатысты.
Шеберлік сыныбына модератор болған облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай: «қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация орталықтарын дамытуға үлкен үлес қосып отыр. Мүмкіндігінше медиация институтын дамыту мақсатында семинар – тренинг, дөңгелек үстелдер, кеңестер, кеңейтілген отырыстар және тағы да басқа іс-шараларды өткізу арқылы сертификаттар беріліп, медиаторлардың жұмысын ілгерілетуге ат салысуда»- деп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
Медиация жөніндегі шеберлік сыныбын, жаттықтырушы- ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің медиаторы Уразбаева Гулмайдан Аманжолқызы өткізді. Г.Уразбаева тақырыпқа орай баяндама жасап, «Медиация-уақыт пен қаржының үнемділігі, дау-жанжалдың бейбіт шешімі. Медиаторға мәселенің құқықтық, қылмыстық, психологиялық шешімін табу жүктелмейді. Оның басты мақсаты – дау-жанжалсыз тұрмыстың тұрақты болатынын көрсету»-деп, медиация институтының артықшылығын түсіндірді.
Кәсіби емес медиаторларға арналған семинарды ашып, жүргізген облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Т.Қасымберкебаев – өңірдегі медиация кабинеттерінің жұмысына тоқталып, осы уақытқа дейін облыс көлемінде кәсіби, кәсіби емес медиаторлардың көмегімен және соттарға медиаторлардың қатысуымен 2000-нан астам іс шешімін тапқандығын, жалпы Алматы облысы бойынша қазіргі уақытта 16 кәсіби және 272 кәсіби емес медиатор тіркелгендігін атап өтті.
Семинар барысында кәсіби емес медиаторлардың жұмысына қажетті дау, оның түрлері және дау (жанжалды) шешу тәртібі мен жолы жайында практикалық тренингтер (ойын, кейс) түрінде өткізілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Ұйымдастырушылар: облыстық ҚХА, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы».
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА өкілдері Алматы қ. Медеу ауданының әлеуметтік қолдау орталығына барып қайтты
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
Ассамблея «Qazaq Cybersport»-қа қазақ тілінде комментаторларды дайындауға қолдау көрсетеді
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА өкілдері Алматы қ. Медеу ауданының әлеуметтік қолдау орталығына барып қайтты
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
Ассамблея «Qazaq Cybersport»-қа қазақ тілінде комментаторларды дайындауға қолдау көрсетеді