Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Қараша, 2016

948

«МЕДИАЦИЯ НЕГІЗДЕРІ» ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

22-23 қазан күндері Достық үйінде «Алас» құқықтық қолдау орталығы» қоғамдық қоры семинар-тренинг өткізді.

Іс-шараға ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен «Алас» құқықтық қолдау орталығы» қоғамдық қорының қызметкерлері, БАҚ қатысты.

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ  жобасының аясында «ҚХА қолдауымен медиацияны қалыптастыру және дамыту, қоғамдық келісім мен бірлік мәселелерін шешу жұмыстарын жүргізу мақсатында жаңадан үйренуші медиаторларға ұйымдастырылған оқыту бағдарламасы 2 күнге созылды.

Семинар-тренингтің алғашқы күнінде қатысушылар бір-бірімен жақын танысып, өздері жайлы біраз сыр шертті. Мақсаттарымен бөлісіп, болашақтан не күтетіндерін айтты. Семинарды жүргізуші Владислав Трифонов оларды «Медиация» ұғымымен таныстырып, мақсаттары мен міндеттерін айтты. Осы уақытқа дейін атқарылған қызметтері мен қосқан үлестерін баяндады. Медиацияны дамытып, оны қоғамға кеңінен тарату жолдарын ұсынды.

«Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен медиация орталығын ашу арқылы, көптеген мәселелердің алдын-алуға болады. Медиация орталығы татулық, келісім және толеранттылықты одан әрі дамыту мақсатында керек. Этносаралық қатынастар саласы мәселелерін шешу тәжірбиесінде медиация тәсілдерін қолдану мақсатында Қазақстан халы Ассамблеясының жанынан медиацияны одан әрі дамыту мақсатында керек. Жалпы медиацияны дамыту, қоғамдық дәнекер ретінде медиатор мәртебесін ұйымдастыру саласында қоғамдық қатынастарды нормативті құқықтық реттеу үрдістірінде халықаралық тәжірбиені зерделеуде қажеттілік бар», -деді Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, кәсіби тренер-медиатор Владислав Трифонов. Сондай-ақ, , дейді Владислав Трифонов.

Семинардың екінші күнінде медиаторлар тақырыптық ойындар ойнады, арнайы бейнероликтерді тамашалады. Семинарға қатысушылар медиация туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, осындай  іс-шараларды жиі өткізу туралы  ұсыныстарын жеткізді.

Ұйымдастырушылар семинар соңында барлық қатысушыларға белсене қатысқаны үшін сертификаттар табыстады.

Кейін қарай