Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Наурыз, 2017

1014

Медиация туралы әңгімелесейік...

Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 4 наурызда «Даулар мен жанжалдарды шешудегі медиация негіздері. Міндетті сотқа дейінгі реттемелеу» семинар – жаттықтыру сабағын ұйымдастырды.

Семинарды Алматы қаласындағы «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті, ТМД экономикалық сотының халықаралық делдалы, Қазақстан медиаторлары қауымдастығының бас директоры, бапкер-медиатор Жанділдә Жақыпов жүргізді. Ол медиация үрдісі, оны өткізу тәртібі және даулар мен жанжалдарды шешудегі медиатордың рөлі туралы толығырақ айтып берді.

Ақмола облысы этномәдени бірлестіктерінің өкілдерінен, тәжірибе жинақтаушы заңгерлерден, нотариустардан, қорғаушылардан, төрешілерден, қызметтері азаматтарды қабылдаумен, шағымдар мен өтінімдерді қарастырумен байланысты үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдық қабылдау бөлімдерінің қызметкерлерінен құрылған тыңдаушылар іс-шара барысында  медиацияны пайдалану салалары, азаматтық, ұжымдық, қылмыстық, отбасылық, еңбектік, ұлтаралық, діни, әлеуметтік жанжалдарды реттеудің ерекшеліктері туралы ақпарат алып, кәсіби медиатордың тәжірибелік мысалында келісім комиссияларындағы еңбек дауларының тәртібін қарастырды.

Кейін қарай