Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Шілде, 2017

991

«МЕДИАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ – ЗАМАН ТАЛАБЫ»

2017 жылдың 20 шілдесі күні Достық үйінде Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыстың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен (ювеналды соты) біріккен «Медиация қызметі – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Медиация» сөзі - латын тілінен аударғанда делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға деген мағынаны білдіреді. Медиация тараптардың ерікті келісім бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиаторлардың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі.

Іс-шара мақсаты – медиция институттарын халық арасында насихаттау және қызметін жетілдіру, мектептегі медиацияны дамыту жолдары.    

Іс-шараға Республикалық қоғамдық бірлестіктердің кәсіби және кәсіби емес медиаторлары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мен денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, Маңқыстау облысы ҚХА хатшылығы, мемлекеттік мекеме және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, этномәдени бірлестік төрағалары мен өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері, құқық бұзушылықтарды ескерту бойынша ювеналды полиция және білім мекемелері тарапынан жасөспірімдер мен олардың заңды өкілдерінің қатысуымен өткізілетін іс-шаралар талқыланды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Шамгунова Лариса Тілемісқызы «Медиация туралы заң. Медиация бітімгершілігі» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ал кәсіби модераторлар қатысушыларға қазіргі медиацияның дамуын сөз етіп, өз ойларын білдірді.

Дата события ассамблеи: 24.07.2017

Кейін қарай