Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Қаңтар, 2024

108

СОРТӨБЕ АУЫЛЫНДАҒЫ ДҮНГЕН ЭТНОСЫНЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Жамбыл облысының Қордай ауданы Сортөбе ауылында және Жамбыл ауданында дүнген этносының өкілдері балаларға қуаныш сыйлады.

Жамбыл облысының «Вынхуа» дүнген мәдени орталықтары қауымдастығының мүшелері Қазақстанның дүнген республикалық этномәдени орталығымен бірлесе отырып, балаларға ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен дайындалған қызықты қойылым ұсынды.

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар ерекше балаларға, жетім қалған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға түрлі сыйлықтар мен тосын сыйлар табыс етті.

Қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға Қазақстанның дүнген республикалық этномәдени орталығының төрағасы Зайнуддин Махусеев, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Сәпілмәлік Тәжиев, ардагерлер кеңесінің өкілдері және т.б. белсене атсалысты.

Кейін қарай