
20 Қазан, 2016
1420
Медиация – жаңа даму кезеңдері
Жуырда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметкерлері мен «Бітімгер» медиация және құқық орталығының медиаторлары «дөңгелек үстел» отырысында бас қосты.
Қатысушылар жиын барысында медиация саласындағы өзгерістер мен жаңалықтарды ортаға салып, талқылады. Орталық басшысы Лариса Сафонова, алдағы уақытта кәсіпқой емес медиаторлар ретінде есептеліп келген әлеуметтік медиаторлар Қазақстан халқы Ассамблеясының, сонымен қатар қалалық және аудандық әкімдіктер реестрінде есепте тұратынын және оған қатысты барлық құжаттар өңірлік ассамблеяларда сақталатындығын айта келе, әлеуметтік медиаторлардың жас шамасы қырықтан асуы, жоғары білімі болуы және арнайы оқу курстарын өтуі шарт екендігін ескертті.
«Сонымен қатар, келесі жылдан бастап, барлық мемлекеттік мекемелерде жаңа штаттық бірлік ашылып, кәсіби медиаторлар мектептерде, жоғары оқу орындарында, тағы басқа мекемелерде жұмыс істейтін болады. Ал олардың жас шамасы отыз жасқа дейін төмендетіледі. Бұл елімізде медиацияны дамуытудағы тағы бір қадам болып есептеледі», - деп, сала жаңалықтарымен бөлісті.
Мұндай жаңалықтар өз кезегінде, медиация саласының дамуына үлкен қадам жасайды. Себебі, медиация, этносаралық қарым-қатынастардағы шиеленісудің алдын ала шешілуіне үлкен әсер етеді.
Кездесу соңында қатысушылар болашақта медиацияның мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық институттар жұмыстарына енгізілуі қоғамымызда орын алып жатқан келеңсіз жағдайлар мен жанжалдардың алдын ала шешілуіне зор ықпалын тигізетініне сенім білдірді.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
сегодня, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі