02 Қазан, 2017
1119
Медиацияны дамыту жолдары талқыланды
Бүгін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастырумен Достық үйінің мәжіліс залында «Медиацияны халық арасында ілгерілету: өзекті мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында отырыс болып өтті. Дөңгелек үстелге әртүрлі сала мамандары, атап айтсақ «Қоғамдық келісім» КММ директоры Уәлихан Ибраев, Қызылорда қалалық сотының судьясы Кәмшат Сәдуақасова, «Медиация дамыту орталығы» РҚБ-нің Қызылорда облысы бойынша филиалдың директоры Ләззат Бақтыбаева, Қызылорда облысының әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Хәкімжан Әлиев, облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Жақып Шаймұханбетұлы, «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің үйлестірушісі Нұрлан Тасыбаев, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.
Қазіргі кезде өңірде медиация қарқынды дамып келетінін айта кету керек. Себебі, медиация тақырыбы барлық ортада ерекше өзекті. Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңының күшіне енген кезінен бастап бес жыл көлемінде республика аумағында 13 облыстық деңгейдегі өкілдіктер ашылып, 500-ден астам арнайы дайындықтан өткен кәсіби медиаторларды дайындап, кәсіби медиаторлармен сотқа дейін және сот процесінде 6000-нан астам дау-дамайлардың толқыны басылып, медиациялық келісім-шарттар жасалған. Сондықтан даулы жағдайларда медиаторларды тарту жолымен баламалы түрде шешу біршама тиімді әдіс болып табылады. Сонымен қатар, өзара қақтығыс жағдайында медиаторлар көмегімен қарым-қатынасты сақтап қалуға болады дейді шараға жиылған қауым.
Отырыс соңында баяндамалар талқыланып, өзара пікір алмасуға ұласты. Алдағы уақыттың жұмыс жоспарлары бекітіліп, нақты шешімдер қабылданды.
Дата события ассамблеи: 02.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӨЗЕКТІ ТРЕНДТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37