Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Сәуір, 2016

1543

«Мектептегі дау-жанжалдарды шешу әдістері» тақырыбындағы медиация семинары

Бүгін Алматы қаласы Заря Восток мөлтекауданындағы №151 жалпы білім беретін КММ орта мектебінде Республикалық Достық үйі медиация кабинеті мен Республикалық «Қазақстан дұнғандары бірлестігінің» ұйымдастыруымен «Мектептегі дау-жанжалдарды шешу әдістері» тақырыбында медиация семинары өтті.

Семинарға Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы өкілдері, Алматы қ. «Қоғамдық келісім» ККМ қызметкерлері, РММ «Қоғамдық келісім» Достық үйі медиация кабинеті, қалалық денсаулық сақтау мекемесінің өкілі, діни басқарма өкілдері, мектеп инспекторы, этномәдени бірлестіктің өкілдері, мектеп ұстаздары және ата-аналар ұжымы қатысты. Семинарда модераторлық қызметті ҚР Президенті жанындағы ғылыми-сараптама және РММ «Қоғамдық келісім» әдістемелік қызметінің халықаралық ынтымақтастық және медиация секторының аға сарапшысы Н.А.Альтекова мен мектеп директоры А.О. Ошақбаев атқарды.

Семинар қатысушыларға медиация технологиясы туралы ақпарат, талас-тартысты реттеудің жаңа тәсілдері таныстырылды. Сондай-ақ, мектептегі талас-тартыс пен дау-жанжалдарды реттеуде медиацияны қолдану жолдары айтылды.

Семинар барысында төмендегі тақырыптар талқыланды:

  1. «Медиация процесінің мазмұны, мәні, тәсілдері». Альтекова Н.А. – ҚР Президенті жанындағы ғылыми-сараптама және РММ «Қоғамдық келісім» әдістемелік қызметінің халықаралық ынтымақтастық және медиация секторының аға сарапшысы.
  2. «Дау-жанжалды бейбіт жолмен шешудегі мектеп медиациясының моделі». Заманбекова А.О. – кәсіби медиатор
  3.  «Қазіргі қоғамдағы ерте некені анықтау, проблемаларына сараптама жасау». Кенесариев Е. - заңгер
  4. «Ерте некенің дау-жанжалдары: некенің жағдайы, дау-жанжалды шешу жолдары». Иминов Н.З – Алматы орталық мешітінің найб-имамы.
  5. «Жасөспірімдер арасындағы жүктілік пен ерте жаста ана болудың проблемалары». Шоқыбаева М.У. – дәрігер-гинеколог.

Семинар соңында ата-аналар өз алғыстарын білдіріп, өз мектептерінде де медиация кабинеті жұмыс жасағанын қаласа, орталық мешіттің найб-имамы Н.З. Иминов имамдар арасында да осындай семинар ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады.

   

Кейін қарай