
23 Мамыр, 2017
2076
Мектептегі медиация
2017 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Медиация орталығы өңірде өз қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі ретінде медиацияны білім беру саласында дамыту, атап айтқанда мектеп медиациясы бойынша жобаларды әзірлеу және енгізу деп белгілейді.
Осыған орай 2017 жылғы 19 мамырда Петропавл қаласының № 9 орта мектебі негізінде «Мектеп медиациясы негіздері» атты экскурс-семинар өтті.
Семинар басында «Қоғамдық келісім» КММ кәсіби медиаторы Г.Н. Мұсабаева семинардың мақсаты мен міндеттерін атап өтті:
– медиацияны қолдану теориясы мен тәжірибесін талқылау;
- мектепте татуластыру қызметін дамытуда психологтердің, социологтердің, мұғалімдер мен оқушылардың күштерін біріктіру;
- «№ 9 орта мектеп» КММ негізінде татуластыру қызметін құру.
Бұл мектепте 1200-ге жуық оқушы білім алады. Семинарға 8-9 сыныптардың 35 оқушысы, сонымен қатар мектеп психологтері Попова Татьяна Владимировна және Мироняк Татьяна Азатовна, Альбина Азатовна, әлеуметтік педагог Вилкова Ольга Петровна қатысты.
Т.В. Попова мектеп оқушыларына мектеп медиациясының негіздерін, ал Гулбахша Мұсабаева Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы Медиация кабинетінің қызметімен таныстырды. Мектептегі татуластыру қызметі туралы фильм оқушылардың қызығушылығын тудырды. Бұл фильді өз жұмысында психолог Т.В. Попова жиі қолданады, ол кәсіби медиатор сертификатының иегері болып табылады және жаңа оқу жылында татуластыру қызметін басқармақ.
Гулбахша Мұсабаева іс-шараға қатысушыларға СҚО ҚХА жанындағы Медиация орталығы қызметіндегі бағыттар жөнінде айтып, 2017 жылғы 5 тамызда Медиация орталығы негізінде «Медиация күні» республикалық акциясын өткізу туралы бейнеролик көрсетті.
Мектеп оқушыларымен ынтымақтастық бағыттарын анықтау үшін сауалнама берілді, онда оқушылар мектеп медиациясын дамыту жөніндегі өз пікірлерін жазып, оларды толғандыратын мәселелерді белгіледі.
Жаңа оқу жылында Петропавл қаласының № 9 орта мектебі негізінде оның директоры Сәуле Қабиқызы Болатбековамен бірлесе отыра, өңірде мектеп медиациясын дамыту бойынша ірі іс-шаралар өткізуді жоспарладық. Осы ынтымақтастықтың басы оқушылар мен мұғалімдер жүрген психологиялық ортаны жақсартуға себеп болатынына кәміл сенеміз. Балалардың көбірек шығармашылық тұрғыдан тілдесуі және дамуы үшін.
Г.Н. Мұсабаева айтқандай: «Мектептермен жасалған ынтымақтастық өңірде бірлікті, бейбітшілік пен келісімді дамыту бойынша жақсы нәтиже беретіні сөзсіз».
Ұқсас жаңалықтар
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
-
Этномедиацияның базалық негіздері
-
ҚХА «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация семинар-тренингтер өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
-
Этномедиацияның базалық негіздері
-
ҚХА «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация семинар-тренингтер өтті