
01 Мамыр, 2022
126
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мамырдың осы мамыражай мерекесі – еліміздің тұтастығы мен ырыс-ынтымағының символы.Қымбатты отандастар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Достық пен өзара түсіністік дәстүрлері халқымыздың сана-сезімінде берік орныққан. Бұл қасиеттер берекелі өмірдің, бейбітшілік пен келісімнің өзегі болып отыр.
Тағдырдың жазуымен кең байтақ қазақ жерінде тоғысқан әр алуан мәдениеттер тұтаса келе ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды.
Біздің мақсатымыз бір, құндылықтарымыз ортақ. Мызғымас бірліктің арқасында қиындықтан қаймықпай, жаһандық сын-қатердің бәрін еңсеріп келеміз.
Бүгінде Жаңа Қазақстанды құру бастамасы бүкіл қоғамды ұйыстыруда. Бұл идея ел азаматтарының жасампаздық қуатынан бастау алады. Мемлекетімізді жан-жақты жаңғыртуға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек.
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!
Аспанымыз әрдайым ашық болсын!
Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бірлігіміз жарасқан!»
-
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басымдықтарын айқындап берді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы өтті
-
Алексей Лодочников: Жастар Жаңа Қазақстанды дамытуға үлес қосуы керек
-
Максим Рожин: Еліміздегі барлық этнос өкілдерін «Жаңа Қазақстанды» құруға шақырамын
23 Маусым, 15:15
«Ұлттық құрылтай – билік пен қоғам диалогының жаңа кезеңі» атты ҚХА кеңейтілген Кеңесінің отырысы өтті
22 Маусым, 20:25
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілхановтың Түркияның Бас омбудсмені Шерем Малкочпен екіжақты кездесуі өтті
21 Маусым, 15:38
ТҮРКЕСТАНДА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДИНЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ
23 Маусым, 18:56
22 маусым күні Алматы қаласы республикалық Достық үйінде Грек Республикасының Қазақстандағы елшісі – Эфталия Какиопулумен кездесу кеші өтті
вчера, 16:39
Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бірлігіміз жарасқан!»
-
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басымдықтарын айқындап берді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы өтті
-
Алексей Лодочников: Жастар Жаңа Қазақстанды дамытуға үлес қосуы керек
-
Максим Рожин: Еліміздегі барлық этнос өкілдерін «Жаңа Қазақстанды» құруға шақырамын