30 Тамыз, 2024
55
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын!
Ата заң – мемлекеттілігіміздің берік тұғыры, еліміздің дәйекті әрі тұрақты дамуының мызғымас кепілі.
Мемлекет пен қоғам өмірінің негізін айқындайтын Конституцияда азаматтардың мүддесіне, құқығы мен бостандығына айрықша назар аударылған. Сондықтан Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан барлық ауқымды өзгерістің мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту.
2022 жылғы конституциялық реформаның нәтижесінде жан-жақты демократияландыру үдерісі басталды, саяси жүйені жаңғыртуға жағдай жасалды. Құқық қорғау институттарының және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі көтерілді. Сондай-ақ Конституциялық Сот құрылды. Бұл мекеме қазір елімізде заң үстемдігін орнықтыруға барынша ықпал етіп отыр.
Конституцияның әділ әрі берекелі қоғамның тірегі саналатын заң мен тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы рөлі нығая түсті.
Азаматтардың негізгі заңымызды құрметтеп, оның талаптарын бұлжытпай орындауы – нағыз отаншылдықтың және жоғары жауапкершіліктің айқын көрінісі. Біз Конституцияда бекітілген қастерлі құндылықтарға сүйене отырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды бірге құратынымызға кәміл сенемін.
Әр шаңыраққа бақ-береке, толайым табыс тілеймін!
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада мемлекеттік қызметшілерге этносаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыру бойынша семинар-тренинг өтті
-
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚХА МҮШЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
-
ҚХА мүшелері елордалық Достық үйінде мемлекет басшысының жолдауын талқылады
-
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған ҚХА-ның жалпы қазақстандық ашық диктанты
-
Жетісу облысында «Мемлекеттік тіл-достықтың алтын көпірі» облыстық байқауы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысымен кездесуі өтті
8 Қазан, 21:58
ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Ақмола облысының Достық үйінің қызметімен танысты
8 Қазан, 21:02
ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Ақмола облысының әкімімен кездесті
9 Қазан, 17:36
ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов пен ҚР ПӘ ҚХАХ сектор меңгерушісі Қайрат Баймульдиновтың сапарлары Степногорск қаласында жалғасты
8 Қазан, 13:55
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА ҚХА СТУДЕНТТІК АССАМБЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ
9 Қазан, 00:00
ҚХА Төрағасының орынбасары Ақмола облысының этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен кездесті