Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Шілде, 2015

2794

Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру мақсатында құрылған ақпараттық-насихаттық топ Түркістан қаласына келді

Мақтарал, Шардара және Төлеби аудандарынан басталған ақпараттық-насихаттық топ 2015 жылғы 21 шілдеде Түркістан қаласының Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Ескі Иқан, Жаңа Иқан ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесуде жалғасын тапты.

Кездесу барысында, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы И.А.Хашимжанов, татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы А.И.Мухамедова, түрік этномәдени бірлестігінің баспасөз хатшысы И.Турки және М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Ғ.Қ.Маймақов жергілікті халыққа ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының ережелерін түсіндіру арқылы этностар арасындағы татулықты сақтау мәселелері бойынша сөз сөйледі.

Жалпы кездесулер сұрақ-жауап түрінде өрбіп, тиісті дәрежеде өткізілді.

Алдағы кездерде осы бағыттағы жұмыстар өзге қала, аудандарда жалғасын табатын болады.

ОҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ- нің баспасөз қызметі

байланыс телефондары:  +7 (7252) 77-05-97, +7 771-137-06-82

Кейін қарай