
04 Маусым, 2021
1343
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтары
Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық цирк жанында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Мен туымды мақтан етемін» атты мерекелік челлендж өткізілді.
Іс-шара мақсаты-қала тұрғындары мен қонақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін кеңінен насихаттау, Мемлекеттік Туды ұлықтау әрі оның қадірін жас ұрпақтарға жан-жақты түсіндіру , рәміздрге деген құрметті арттыру.
Маңызды шараға Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік орган мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, сондай-ақ жастар мен қала тұрғындары қатысып, Мемлекеттік рәміздердің айбыны мен қадірін асқақтатты. Осы арқылы бірлігіміз бен ынтымағымызды, ұйымшылдығымыз бен ауызбіршілігімізді паш еттік.
Жалпы Елтаңба, Ту, Әнұран-Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі. Біздің еліміз бірлік пен келісімнің нәтижесінде қарыштап дамып, өркендеп келеді.
Қазақстан өз егемендігін жариялаған кезде алдымен тәуелсіз елдің саяси мәртебесін білдіретін Тәуелсіздік декларациясын қабылдау арқылы бекітті. Одан кейін күн тәртібінде мемлекеттік рәміздерді қабылдау әрі бекіту мәселесі тұрды. Еліміздің тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба тәуелсіздігіміздің жариялануының дәл 130-шы күні, яғни 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Ал Әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында бекітілгенінен оқырман қауым хабардар.
Ұқсас жаңалықтар
-
Холокост құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара
-
Басты міндет – ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы ел бірлігін нығайту
-
Қазақстанның Тәуелсіздік күні
-
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын шын жүректен құттықтаймыз
-
Жастардың бастамалары басты назарда
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің Ашық есік күні» республикалық акциясы
25 Қаңтар, 12:35
Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттары тағайындалды
24 Қаңтар, 18:08
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары тағайындалды
24 Қаңтар, 17:16
Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
27 Қаңтар, 19:03
Холокост құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара
Ұқсас жаңалықтар
-
Холокост құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара
-
Басты міндет – ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы ел бірлігін нығайту
-
Қазақстанның Тәуелсіздік күні
-
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын шын жүректен құттықтаймыз
-
Жастардың бастамалары басты назарда
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің Ашық есік күні» республикалық акциясы