30 Қыркүйек, 2016
775
Мемлекеттік тіл – ел тірегі
Ақтау қаласында Тілдер мерекесін атап өту жалғасуда. Бұл жолы тақырып қаладағы Н.А. Марабаев атындағы № 7 мектеп-лицейде оқушылар мен мұғалімдері қатысқан концерттік бағдарламада қамтылды. Қазақстан Республикасының әнұранымен басталған концерт әр түрлі халықтың сәлемдесуімен жалғасты. Мерекелік іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясы Маңғыстау облыстық хатшылығының меңгерушісі, өңіріміздің этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен өкілдері келіп қатысты.
Қонақтар жиналғандарға арналған құттықтау сөздерінде Елбасының «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген сөзін мысалға келтіре отырып, елде тұратын барлық этностардың тілі мен мәдениетін дамытуға, соның ішінде, халықты топтастырушы рөл атқаратын - қазақ тілінің дамуына осындай іс-шаралар ықпал ететінін атап айтты.
Мерекелік концерттік бағдарламада әр этностың әндері мен билер қамтылған. Мектептің өнерлі оқушылары 3 тілде өлең мен ән орындап, мемлекетіміздің үш тұғырлы тіл саясатына қалай үлес қосып отырғандарын көрсетті.. Келушілер қызықты өткен мерекелік іс-шараны көтеріңкі көңіл күймен тамашалады.
Сонымен қатар, әр ұлттың ұлттық тағамдарының көрмесі болды. Ұйымдастырушылар көрмеге барын салып дайындалып, тек Орта Азия ғана емес, Шығыс елдерінің де ұлттық тағамдарын әзірлеген. Жапон, корей елдерінің теңіз өнімдері мен ащы салаттарын, татар мен грузин елдерінің тәтті нандарын, орыс пен белорус халықтарының құймақтарын көпшілікке ұсынды.
Іс-шара соңында «Булгар» татар этномәдени бірлестігің төрайымы – Зульфия Бернеева жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, «Қазақстан-2050» стратегиясында «Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналатыны» көзделгенін, маңғыстаулықтардың осы бағытта жұмыс жүргізуіне этномәдени бірлестіктер де атсалысуы қажеттігін атап көрсетті. Сөзінің соңында ол бір шаңырақ астында бірлесіп, ауызбіршілігімізді және Отанға деген сүйіспеншілігімізді нығайтуға шақырды.
Маңғыстау облыстық «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
«Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің ашылуы өтті
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:45
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:54
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
11 Қыркүйек, 21:40
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА активімен кездесу өткізді