01 Қараша, 2017
1216
«Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшірудің жаңа стандарты» дөңгелек үстел
Бүгінгі таңда латын жазуы әлемнің ақпараттық, ғылыми және технологиялық салаларының алдыңғы қатарлы әліпбиі болып табылады. Қазақ тілі жазуын реформалау Қазақстанда тұрақты қоғам құруға ықпал етіп, елдің әлемдік кеңістіктегі танымалдылығын арттыруға мүмкіндік беретінін түсіндіру мақсатында, ағымдағы жылдың 1 қараша күні, сағат 15.00 де Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастыруымен «Достық үйінде» «Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшірудің жаңа стандарты» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Шара облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбайұлының жүргізуімен, «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері, облыстық Ассамблея жанындағы этномәдени бірлестік өкілдері, облыстық тілдерді дамыту басқармасы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушылары, «Парасат» тіл жанашырлар клубының мүшелері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жетекші журналистер клубының төрағасы, Аналар кеңесі, және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.
Сөз сөйлегендер: Атсалим Саламович - «Огни Алатау» газетінің бас редакторы, облыстық ҚХА жанындағы жетекші журналистер клубының төрағасы, Светлана Зунуновна - «Ұлағат» ақсақалдар Кеңесінің төрайымы, Алматы облысының «Құрметті азаматы», Дамир Дигай - «Парасат» клубының төрағасы, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ заң факультеті деканының орынбасары, Зинагүл Халыққызы - облыстық тілдерді дамыту басқармасы, оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы, Оралбек Жақиянов - Облыстық қоғамдық кеңес төрағасы, Тәңірберген Қасымберкебаев - «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының» директоры.
Дата события ассамблеи: 01.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
вчера, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті