Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Қазан, 2020

580

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – Ұлы Дала перзенттерінің азаматтық парызы

ҚХА ұйымдастыруымен Алматы қаласы Достық үйінде өткен «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгресінде «Достық» өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі Икрам Хашимжанов сөз сөйлеп, мемлекеттік тіл мәселесі бойынша өзбек этномәдени бірлестігінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

- Биыл 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялағанда да ондағы басымдықтарының бірі Мемлекеттік тілді дамыту, осының аясында көп жұмыстар жүргізу болды.

Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамасымен осындай іс-шараның өтіп жатқанына өте қуаныштымыз. Кейбір кезде Ассамблея туралы басқаша пікірлер айтылатын болса, міне, осы сәтті, яғни, қаншалықты өзге ұлттың өкілдері мемлекеттік тілдің жанашыры екенін, мемлекеттік тілді жақсы меңгергенін көрсететін БАҚ-тан болсақ, Ассамблеяның жұмыс бағаланар еді.

Мемлекеттік тіл көпұлтты Қазақстанды, түрлі этностардың басын қосушы фактор болып есептеледі. Сондықтан да әрбір этностың өкіліне мемлекеттік тілді білу парыз.

Біз Қазақстан өзбектері «Достық» қауымдастығы жыл сайын мектеп бітіруші түлектер арасында «Мемлекеттік тілді білу – парызың», «Мемлекеттік тіл достықтың дәнекері» деп аталатын байқау өткіземіз. Аталған байқауға жиырма бес-отыз адам қатысатын болса, жеңімпаздарды төрт жыл болсын, бес жыл болсын жоғары оқу орындарында тегін білім алатын сертификаттар таратамыз. Бұл жастарды, балаларды мектеп партасынан бастап мемлекеттік тілді жақсы үйренуіне септігін тигізу және ынталандыру. Мұны мемлекеттік тілдің жанашырлары, атап айтсақ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ, Шымкент қаласындағы ОҚМПУ ректорлары беріп отыр. Сонымен қатар өзбек мектептері оқушылары арасында Абай оқуларын өткізіп жүрміз. Ұлы ақынның 175 жылдығына арналған үлкен байқауымыз тамыз айында өткізілді.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – Ұлы Даланың ұлы перзенттерінің азаматтық парызы деп білемін.


Кейін қарай