
02 Сәуір, 2022
156
Менің қалам - менің аулам
2 сәуірде Таразда Жамбыл облыстық Ассамблея жастары "Менің қалам - менің аулам" атты "Тал егу" экологиялық акциясын іске асырды. Оған кез-келген адам қатыса алады. Ол үшін ағаш отырғызып, оны суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде #тазаауажұтТараз, #ассамблеяжастары, #ҚХА, #Қоғамдықкелісім", #табиғаттыаяла, #жасылел сияқты тағы басқа өздерінің осы іс-қимылдарына жақын хештегтермен орналастыруы қажет.

Жамбыл облысы ассамблеясының жастары қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын барлық тұрғындарды акцияны қолдауға шақырады. Олар өз үйі - Достық үйінің маңына жасыл ағаштар отырғызып, оларға қамқорлық жасап, жылдағы өздерінің экологиялық өмір салтын басқаларға әдетке айналдыруға шақырды. "Біз өз ауласын жасыл әлемге айналдырып, ағаш отырғыза алатын кез-келген адамды табиғатты аялап, қаланы көркейтуге шақырамыз! Менің ойымша, акция қала мен табиғат үшін пайдалы болғандықтан, бұл біз - ассамблея жастары үшін де маңызды болды, өйткені бұл игілікті іс-шараға барлығы жұмыла атсалысты.
Біреуі жер қазып, көшет отырғызса, біреуі оны көтеріңкі көңіл-күймен суарды. Барлығы бір адамдай ұйымшылдықта еңбек етті", - деді "Ассамблея жастары" ҚХА жастар қозғалысының жетекшісі Хамида Тұрдыева.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Менің Отаным - Менің Қазақстаным»челленджін Қызылорда облысына жолдаймыз!
-
Менің жетістіктерімнің құпиясы
-
Менің Отаным – Менің Қазақстаным
-
Солтүстік Қазақстан облысында «Тіл – менің тағдырым» облыстық байқау ұйымдастырылды
-
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтары
-
Қостанайда «Менің елімнің туы» патриоттық акциясы аясында флешмоб өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Менің Отаным - Менің Қазақстаным»челленджін Қызылорда облысына жолдаймыз!
-
Менің жетістіктерімнің құпиясы
-
Менің Отаным – Менің Қазақстаным
-
Солтүстік Қазақстан облысында «Тіл – менің тағдырым» облыстық байқау ұйымдастырылды
-
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтары
-
Қостанайда «Менің елімнің туы» патриоттық акциясы аясында флешмоб өтті