Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қыркүйек, 2021

260

Менің жетістіктерімнің құпиясы

№198 Жанәбіл Нұрманов атындағы орта мектебінде «Менің жетістіктерімнің құпиясы» атты еркін форматтағы кездесу кеші өтті. «Тәуелсіздіктің нәзік келбеті» жобасы аясындағы шараға облыстық мәслихат депутаты Аида Абибуллаева, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова, мектеп директоры Анжела Садықбекова және жоғары сынып оқушылары қатысты.


Жастар – бұл болашақтың мәңгі қозғалтқыш күші. Сондықтан жастарымыздың даму деңгейіне, мүмкіндіктері мен ұмтылысына, қоғамдық өмірге қатысу дәрежесіне баса назар аударған жөн. Осы орайда Аналар кеңесінің мүшелері кездесу барысында өскелең ұрпаққа өздері жүріп өткен өнегелі өмір жолдары мен қызметтегі тәжірибелерін айтып, ой бөлісті. Емен-жарқын сөйлесіп, пікірлесті.

Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова ең үздік азамат болып қалыптасу үшін еңбекшіл болу керектігін ескере кетті.

–Еліміздің бастан кешкен тарихына зер салсақ, алдыңғы өткен аға буынның еңбек жолында қалыптасқан ізгі дәстүрлері халқымыздың жалпы ұлттық мұрасы, мақтанышы екеніне көз жеткіземіз. Біз өмір жолымызда қоғамның рухани жаңғыруына қол жеткізудің бір бағыты осындай адал еңбек етудің нәтижесі деп білеміз. Сондықтан жастарды еңбекке баулу арқылы лайықты ізбасарлар тәрбиелеп, жаңа буын тұлғаларды қалыптастыруға атсалысатынымыз анық.


Өнегелі іс өміршең келеді, ол қоғамның дамуымен үндесіп жатады. Осы реттегі аналар кеңесінің ұйытқысымен өткізілген әрбір тағылымдық шара жастарды еңбексүйгіштікке, олардың бойында игі қасиеттерді қалыптастыруға, ерік-жігерлі болып, қиындықтан қашпайтын ұрпақ тәрбиелеуге зор пайдасы тиері сөзсіз. Бала тәрбиесінің ең үлкені – оны еңбекке баулу», - деді.

Ал облыстық мәслихат депутаты Аида Абибуллаева адал еңбек, өнегелі өмір тәжірибесімен бөлісіп, қажырлы, қайратты болуға шақырды.

Әлбетте, жастар тарапынан қонақтарға қойылар сұрақтар көп болды. Оларға тұшымды жауаптар қайтарылды.


Кейін қарай