
17 Мамыр, 2016
1048
Мерейлі отбасы ұлықталды
Көкшетау қаласының іргесінде орналасқан Станционный поселкісіндегі қалалық кітапханада 15 мамыр халықаралық Отбасы күні қарсаңында ауылдағы мерейлі отбасын ұлықтау мерекесін өткізу дәстүрге айналған. Бұл жолы «Баланың бас ұстазы – ата-ана» атты іс-шара Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесінің» қолдауымен, Станционный қалалық кітапханасының ұйымдастырумен өтті. Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова жиналған қауымды сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы – Отбасы күнімен құттықтап, игі тілектерін жолдады. Сондай ақ «Аналар кеңесінің» мүшесі Суховецкая Людмила және Дегоян Рузанна өз кезектерінде іс-шараға қатысқан көп балалы және жас отбасыларды атаулы күнмен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Мереке қарсаңында ұлықталған мерейлі отбасылардың бірі -Жақыповтар отбасы 10 бала тәрбиелеп отырған үлгі тұтарлық отбасы, өздерінің бала тәрбиесіндегі тәжірибелерімен және ақыл-кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар 5 бала тәрбиелеп отырған Патрушевтар отбасы да әрдайым кітапханада өтетін іс-шараларға белсене қатысып, өздерінің өнерімен көпшілікті тамсандырып келеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықұлы өз сөзінде жиналғандарға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет отбасыдан басталатындығын, сол себепті де біздің қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңызы зор екендігін еске сала кетті. Аналар кеңесінің мүшесі, чуваш тілінің мұғалімі, қолөнер шебері Тарасова Елена жиналған қауымды өзінің туындыларымен таныстырып, шеберлік сабағын өткізді.
Аталған екі отбасы кітапхананың тұрақты оқырмандары ретінде «Кітап оқитын отбасы» дипломдарымен марапатталған болатын. Бұл мерекеде де Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы Жақыповтар мен Патрушевтарға құнды сыйлықтар табыс етсе, Станционный кітапханасының меңгерушісі Валентина Грошиковаға отбасылық оқуды насихаттап жүргені үшін алғыс хат табысталды. Іс-шараға қатысқан Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанынан құрылған этномәдени орталық және «Аналар кеңесінің» мүшелері, оқушылар, ұстаздар, мәдениет қызметкерлері, кітапхана оқырмандары отбасы құндылықтары мен көп балалы отбасы болуды насихаттайтын бұл іс-шарадан мол ақпарат, жағымды әсер алып қайтты.
Өз кезегінде кітапхана басшылығы мерейлі отбасын насихаттайтын іс- шаралар мұнымен тоқтап қалмайтындығын жеткізді.
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
Қызылордада Медиация апталығы аясында Отбасын қолдау орталығында кездесу өтті
-
Алматы облысында «Отбасы-тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі» тақырыбында облыстық семинар өтті
-
Ақтөбенің оқу орындары «ҚХА - 25 жыл» мерейлі эстафетасына белсенді ат салысуда
-
Петропавлда «Мәміле» клубының мүшелері отбасылық дәстүрлер, аға ұрпақтың отбасындағы рөлі туралы әңгімеледі
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
Қызылордада Медиация апталығы аясында Отбасын қолдау орталығында кездесу өтті
-
Алматы облысында «Отбасы-тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі» тақырыбында облыстық семинар өтті
-
Ақтөбенің оқу орындары «ҚХА - 25 жыл» мерейлі эстафетасына белсенді ат салысуда
-
Петропавлда «Мәміле» клубының мүшелері отбасылық дәстүрлер, аға ұрпақтың отбасындағы рөлі туралы әңгімеледі