
02 Наурыз, 2016
2127
Мейірім сыйлаған кеш
1 наурыз - Алғыс айту күніне орай облыстық «Үміт» балалар үйінде мерекелік іс-шара болып өтті.
Іс-шараға облыстық «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының» «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің жетекшісі мен белсенділері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тамаша мерекелік кеш сыйлап қайтты.
Іс-шара барысында сөз алған «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің жетекшісі Т.А Кагерманова балалар үйінің барлық тәрбиеленушілерін алда келе жатқан мерекемен құттықтап, тек жарқын болашақ тіледі.
- Біз түрлі ұлт өкілдері татулық пен келісімде өмір сүретін жерге келдік. Қуғын-сүргін кезінде, соғыс жылдарында қазақ халқы мәжбүрлеп қоныс аударылғандарды қабылдап, барынша көмектесті, оларға жандары ашып, қол ұшын берді. Қазір көптеген этнос өкілдері мейірбан қазақ даласын мекендейді. Қиын жылдарды жадында ұстап, қазақ халқына алғыс сезімімен өмір сүруде. Біз осы ойларымызды өскелең ұрпаққа жеткізу үшін, оларға мейірімділік, толеранттылық пен қайырымдылық дәстүрі туралы айту үшін келдік.
Мереке қарсаңында сый жасаған «Вайнах» тобының мүшелеріне «Үміт» балалар үйінің ұжымы мен тәрбиеленушілері алғыстарын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
-
Ақмолада Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық кеш өтті
-
Петропавлда еріктілер 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті
-
Атырауда түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктірген мерекелік кеш өтті
-
«Жемчуга» клубы: Белсенді ұзақ ғұмыр кешудің сыры
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
-
Ақмолада Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық кеш өтті
-
Петропавлда еріктілер 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті
-
Атырауда түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктірген мерекелік кеш өтті
-
«Жемчуга» клубы: Белсенді ұзақ ғұмыр кешудің сыры