Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Маусым, 2024

109

Өмір сыйла!

Халықаралық донор күнінде Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Өмір сыйла!» акциясын өткізді. Акцияға этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің белсенділері және Қазақстан Халық партиясының мүшелері, барлығы 40-қа жуық адам қатысты.

Әлеуметтік бастамалар мен медиацияны қолдау бөлімінің басшысы Қайрат Оразалин акция қатысушыларын қарсалып, алғысын білдірді және Қазақстан халқы Ассамблеясының эмблемасы бар естелік белгілерді табыс етті.

Іс-шара барысында Қазақстанның қызыл айы қоғамының Алғыс хаттарымен: «Қазақстанның Орыс, славян және казак ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы В. Н. Витченко, құрметті донор Ю. С. Радионова, «Дуслык» Солтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт қоғамдық орталығы» ҚБ белсендісі Р. К. Абдрахманова марапатталды.

Қалалық мәслихат депутаты, ҚХП партиясының өкілі Болат Қожахметов акцияның барлық қатысушыларына Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасын қолдағаны үшін алғысын білдірді.

«Өмір сыйла» акциясы соңғы уақытта донорлықты танымал ету бойынша өткізілген ең ауқымды жұмыстардың бірі болды.

«Донорлық - жақындарыңызға көмек көрсетудің сұранысқа ие және оңай қол жетімді тәсілдерінің бірі деп санаймын. Донор берген қан қазақ, орыс, неміс, татар, грузин - біздің қоғамның этникалық тегіне, жасына, жынысына және т.б. қарамастан кез келген өкіліне қажет болуы мүмкін. Біреудің өмірін сақтап қалуда әр минут маңызды болғанда қан көмектесе алады», -деді «Дуслык» Солтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт қоғамдық орталығы» қоғамдық бірлестігінің белсендісі Равиля Абдрахманова.


Кейін қарай