
12 Сәуір, 2017
1228
Өмірі өнеге
12 сәуір күні сатпаевтанушы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Қазақ тілі мен мәдениет» ҚБ-нің төрағасы Мейрамбек Қиықұлы Қиықов бастамасымен ҚР инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «СолтүстікҚазжерқойнауы» өңіраралық департаменті және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің қолдауымен халқымыздың аяулы перзенті, Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, академик, Қазақстан ғылымының негізін қалаушы, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың «Өмірі өнеге» тақырыбына еске алу отырысы өткізілді.
Бұл отырыстың мақсаты: жас ұрпақты 20-ғасырдың ғұлама ғалымы, елінің, жерінің патриоты, ұлы Азамат Қаныш Сатбаевтың өмір жолы негізінде жас ұрпаққа бағыт-бағдар, тәрбие беру.
Бұл іс-шараға ООО, ЖОО студенттері, мектеп оқушылары, «Нұр Отан» партиясының ОФ, облыстық ішкі саясат басқармасының, халық ассамблеясының, еңбек ардагерлерінің, БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараны, жүргізуші, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрмұханбет Д.Ы. кіріспе сөзімен ашты, ал Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мысыралимова Айна Ермековна отырысқа қатысушыларды «ғылым күні» және Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күнімен құттықтау сөзін айтты. Сәтбаевтанушы М.И. Қиықов Сәтбаевтың өмір жолына қысқаша шолу жасап, елімізге сіңірген еңбектерімен таныстырды. «СолтүстікҚазжерқойнауы» өңіраралық департаменті басшысының орынбасары Карибаев Жанат Қайырбекұлы Қазақстанның және «Солтүстікқазжерқойнауы» өңірінің геология саласында атқарылып жатқан істері жөнінде баяндама жасады. №18 орта мектебінің оқушылары балалық шағын әңгімелеп берсе, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің тарих мамандығының студенті Бекмагамбетов Қанат Қ.И. Сәтбаевтың студенттік шағын баяндады. Осы университеттің ұстаздары, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Қ. Болатов және оқытушы Ризат Елюбаев «Қ.И. Сәтбаев – Қазақстан ғылымының негізін қалаушы» және «Қ.И. Сәтбаевтың геология саласындағы ашқан жаңалықтары» тақырыптарына баяндама жасап, бейнебаян көрсетілді. Облыстық филармонияның әртісі Хасенов Сәрсембай осы отырысқа әнмен шашу шашты. Отырыс соңында белсенділік танытқан баяндамашы оқушылар, студенттер және ұстаздар Алғыс хаттармен марапатталды.
Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана аталған тақырыпқа кітап көрмесін ұйымдастырып, шолу жасады. Ұлы ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоғы қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақмолада Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық кеш өтті
-
Балалар – әрқайсымыздың өміріміздегі ең қымбат байлығымыз
-
Белгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шара өтті
-
Қазақстан – біздің өміріміз және тағдырымыз
-
Елбасының көшбасшылық қасиеті – жастарға мол өнеге
-
Наталия Баркова: Бүгінгі өміріміз – берік ынтымақтастықтың нәтижесі
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақмолада Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық кеш өтті
-
Балалар – әрқайсымыздың өміріміздегі ең қымбат байлығымыз
-
Белгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шара өтті
-
Қазақстан – біздің өміріміз және тағдырымыз
-
Елбасының көшбасшылық қасиеті – жастарға мол өнеге
-
Наталия Баркова: Бүгінгі өміріміз – берік ынтымақтастықтың нәтижесі