22 Сәуір, 2016
827
Үміт үзілмесін!
Тез арада бауырын ауыстыруды қажет ететін балғын Настя Шарапованың емделуіне шамамен 15 миллион теңге қажет. Қаражат жинау үшін Петропавл қаласында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының және жастар бастамалары орталығының қолдауымен «Время помогать» қайырымдылық концерті өтті.
Сәбилері туғаннан кейінгі бір айдан соң ата-анасы сәбиде сарғаю басылмағанын байқап, тез арада емхананы дүрліктірді. Тексеріс нәтижесінде сәбиде өт қабының жоқ екендігі анықталды.
-Облыстық балалар ауруханасында жаттық. Ауруханадан шығарғаннан кейін бізге енді ештеңе істей алмаймыз деді. Бірақ біз үміт үзбедік. Сол күні Челябинскке жол тарттық, онда Настяға Касаи операциясын жасады. Бауырдан ішекке өту жолдарын жүргізді. Операциядан кейін бәрі қалыпқа келген еді, бірақ кейін жағдайы қайта нашарлады,- деп айтып өтті Настяның әкесі, Евгений Шарапов.
Балдырғанның өмірін құтқару үшін 15 миллион теңге қажет. Ата-анасы үштен сәл көбірек бөлігін жинап үлгерді. Әкесінің айтуынша аурумен күресуде оларға ресейлік «Жизнь как чудо» қайырымдылық қоры жәрдем береді. Солтүстік қазақстандықтар да шетте қалыс қалмай, «Время помогать» қайырымдылық концертін өткізді.
- Қызға тез арада операция қажет екендігін ести сала біз міндетті түрде көмек беруді жөн көрдік. Петропавлдық агенттіктерді, Петропавл қаласының шебер әйелдерін және қолөнер шеберлерін, қала мен облыстың түрлі кәсіпорындары мен шығармашылық ұжымдарын жұмылдырдық.
Облыстық филармонияның фойесінде халық, әсіресе балалар көп жиналған. Олар үшін көптеген қызықтар дайындалды: сабын көпіршіктері шоуы, аниматорлармен ойындар, аквагрим, фотосурет аймағы және басқалары. Ал жәрмеңкеде қонақтарда сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдарын сатып алу мүмкіндігі болды. Барлық жиналған ақша арнайы жәшіктер-жақсылық қоржындарына салынды.
Кейін қонақтарды концертке шақырды, онда облыстық орталықтың шығармашылық ұжымдары әндерімен, билерімен, сән көрсетумен және аукционмен көңілге қуаныш сыйлады.
- Қайырымдылық кешінде кешкен сезімімді жеткізу мүмкін емес. Кіреберістен-ақ шуақты, жайдарлы көңіл-күй бойымызды жаулады. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет, бәрі тамаша өтті, аниматорлар көңілден шықты. Концерт – мейірімді және қызықты. Настяға зор денсаулық тілеймін және барлық ықыласты адамдарға алғыс айтамын, - деп, өз әсерімен бөлісті Анна.
Петропавл – мейірімді қала – тағы да жан жүрегін айқара ашып, тағы бір кішкентай балғынға өмір сүруге үміт сыйлау үшін мейірімді жандардың басын қосты. Концерттен кейін Настяның әкесі Евгений Шараповқа 500 мың теңгеге жуық ақша берілді.
Ұқсас жаңалықтар
3 Қыркүйек, 09:54
Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет
4 Қыркүйек, 18:25
Жетісу облысында «Мемлекеттік тіл-достықтың алтын көпірі» облыстық байқауы өтті
3 Қыркүйек, 17:51
ҚХА Хатшылығында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу өтті
5 Қыркүйек, 21:43
ҚХА мүшелері елордалық Достық үйінде мемлекет басшысының жолдауын талқылады
3 Қыркүйек, 19:54
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысымен кездесуі өтті