Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Маусым, 2016

706

«Мой отец – Казахстан, Моя мать – синеглазая Русь»

- деген атпен ақын және бард әншісі Сергей Сметанкиннің алғашқы өлеңдер кітабы жарыққа шықты.  Кітаппен таныстыру өлеңдер мен әндер авторының 55 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеште өтті. Кітап шартты түрде үш бөлімге бөлінген: махаббат лирикасы, казактар туралы және аздап барлығы  жайында. «Мен жастық шағымда жаңа қалам тарта бастаған ақынға поэзияның ну орманын көрсетіп, өлең шығарудың ең құпия жолдарымен жүргізген адаммен кездестірген тағдырыма қуанамын.  Ол адам Виктор Алексеевич Баранов – жыршы, ақын, суретші. Виктор Алексеевичтің өзі ұйқастырылған мәтін – ол әлі поэзия емес. Мүмкін болғанша көбірек жазғаннан гөрі мүмкіндігінше жақсы жазған абзал деп айтқан болатын», - деп естеліктерімен бөлісті автор. Кітапқа 100-ден астам өлең мен ән енгізілген.

Мерейтоймен және алғашқы кітабының жарыққа шығуымен авторды достары, туған-туыстары, поэзияға құмар және оны қадірлеуші жандар құттықтауға келді. «Русская община Казахстана» ҚБ СҚФ төрағасы  Н. Авдеев  және «Братство сибирских казаков» ұйымының атаманы
В. Таранов  мерейтой иесін құттықтап, Құрмет грамотасын және казактар медалін табыстады.

 

«Русская община Казахстана» ҚБ СҚФ

баспасөз хатшысы

Галина Кузьмина

 

 

 

 

Кейін қарай