08 Тамыз, 2015
1723
«Мың бала»
«Қымызмұрындық» мейрамы «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өзге ұлт өкілдері балаларының арасында мемлекеттік тілді игеруге байланысты байқауға жалғасты, оны «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры» ұйымдастырды.

Байқауға өңірімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің 7 мен 17 жас аралығындағы 16 баласы қатысты. Олар мемлекеттік тілде өздерін таныстырып, қазақ халқының тарихы туралы қойылған сауалдарға жауап берді, қазақ ән-билерін орындап, өнер көрсетті және үй тапсырмасы – «Мемлекеттік тілді білу қажеттілігі» туралы шығарма жазудан өзара бақ сынасты. Балалар жақсы дайындықпен келген екен.
«Ұлтым татар болғанмен жаным қазақ» деп толғанаған баянауылдық Ханифа Даутова, өзін таныстыруды домбырамен тамылжытқан качирлік орыс қызы Лаура Торгашина, қазақ тілінде таза, еркін сөйлеген екібастұздық орыс қызы Аделина Овчаренко, Успендегі қазақ мектебінде оқитын тілі жатық украин қызы Ангелина Топтун, «қасиетті қазақтың жиенімін» деп еркелеген Павлодар ауданынан келген неміс баласы Алияна Браун, жалпы байқауға қатысқан талапкерлердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен көріне білді. Ұлты армян Каринэ Степанян да әншілік өнерімен көзге түсті. Балалардың қазақ тілі туралы жазған шығармалары да жақсы бағаланды. Үздік шыққан туындылар «Сарыарқа самалы» газетінің «Айналайын» қосымшасында жарық көретіндігі жария етілді.
Байқау қорытындысында екібастұздық Аделина Овчаренко 1 орын, качирлік орыс қызы Лаура Торгашина мен успендік украин баласы Ангелина Топтун 2 орын, армян қызы Каринэ Степанян мен баянауылдық орыс қызы Ангелина Николаенко 3 орынды иеленді. Әскери киім киіп патриоттық ән шырқаған 9 жасар шарбақтылық орыс баласы Надежда Шишкина «Көрермендер көзайымы» атанды. Байқаудың жүлдегерлері мен қатысушыларға арнайы сыйлықтар тапсырылды. Бәрінен үздік шыққан Аделина Овчаренко Астанада ұйымдастырылатын республикалық «Мың бала» байқауына қатысатын болады.
Осылайша, қазақ тілін, тарихын, өнерін жақсы білетін өзге ұлт балаларының мерейі үстем болды. Жұртшылық «Қымызмұрындық» мерекесін ұйымдастырғандарға ризашылық білдірді.
Ақсу қаласы Мұсылман әйелдері лигасының төрайымы, Ақсу қаласының құрметті азаматы Рымкеш Хамитқызы:
- Қымызмұрындық - ықылым заманнан бүгінге жеткен, қазақтың қонақжайлылығын көрсететін тамаша дәстүр. Ұлтымыздың берекелі, ырыздықты дастарқан молшылығы паш етіледі. Біз, ақсулықтар, алдағы жылда осы мейрамды қалада өзіміз де ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, -деді.
Сая Молдайып, «Сарыарқа самалы» Павлодар облыстық газеті
Ұқсас жаңалықтар
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
-
«Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы қорытындыланды
-
Қызылордада «Мың бала» өңірлік байқауының жеңімпаздары марапатталды
-
«Мың бала» жобасы: Қазақ тілінің жоғары мәртебесі
-
Ақтөбеде ҚХА Кубогі үшін мини-футболдан турнир өтті
-
Қызылордада республикалық «Мың бала» жобасының жеңімпаздары анықталды
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті