28 Қараша, 2022
83
«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті
2022 жылғы 28 қарашада Астана қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Қоғамдық келісім» РММ Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының қатысушыларын марапаттау рәсімін өткізді.
«Мың бала» жобасының мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларын, әртүрлі этникалық топтардың жастарын мемлекеттік тілді оқытуда қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарына баулу арқылы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамытуға үлес қосу болып табылады.
Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қ. Қыдырәлі, ҚХА төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.А. Әзілханов, ҚР Парламенті депутаттары, ҚХА мүшелері, жоба жеңімпаздары, мемлекеттік тілді оқыту бойынша әдіскерлер, жастары ұйымдарының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы ҚХА бастамасымен 2015 жылдан бастап іске асырылуда.
2015 – 2022 жылдар аралығында жоба шеңберінде барлығы 107 054 іс-шара ұйымдастырылып, 2 577 491 ЭМБ жастар өкілдері қатысты. Жоба бағдарламасы халықаралық тәжірибені ескере отырып, барлық қатысушыларға мәдени және тілдік ортаға (шығармашылық жобалар мен конкурстарға қатысу, мемлекеттік тілде фильмдер мен мультфильмдер көру және т.б.) толықтай қосылуға мүмкіндік беретін мәдени-тілдік дағды арқылы жүзеге асырылады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы 10 жылдық жұмысын қорытындылады
-
Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
-
Өңірлік ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының отырысы өтті
-
Дінмұхамед Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
-
Славяне орталығының жаңа жылдық шыршасы өтті
-
Солтүстік Қазақстан облыстық ҚХА Журналистер клубының қорытынды отырысы өтті