16 Ақпан, 2017
1109
«МЫҢ БАЛА» ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН МАРАПАТТАДЫ
15 ақпан күні Маңғыстау облысы әкімі апаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының қатысушылырын марапаттау іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты, «Каспий Құрылыс-Сервис Корпорациясының» директоры, спорт меценаты Самат Мұсабаев 2016 жылы өткен «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында қазақ тілін еркін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің 9 қатысушысына бес жүз мың теңге көлеміндегі сертификаттарды табыстады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының мақсаты басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруіне бағытталған.
2016 жылы қараша айында шығарма жазу байқауы өткен болатын. Өзге ұлт өкілдерінен құралған 26 қатысушы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбында шығарма жазды.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, өзге этностардың жастары арасында Тәуелсіз Қазақстан үшін мақтаныш пен патриоттық сезімді ояту, қоғамдық келісім мен тәуелсіздік идеяларын дамыту.
Байқауда үздік деп танылған 9 қатысушы бүгінде қаржылай марапаттарға ие болды. Олардың қатарында орыс, украин, әзірбайжан, кәріс, қарақалпақ, грузин өкілдері бар.
Ұқсас жаңалықтар
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
-
«Адал азамат» ҚХА қоғамдық жобасының алдағы даму перспективалары талқыланды
-
Абай облысында «Салауатты сана» республикалық жобасының тұсаукесері өтті