
07 Мамыр, 2016
757
Ұмытуға – болмайды, қайтару мүмкін емес!
5 сәуір күні Ақтөбе облыстық украиндардың «Оксана» ұлттық мәдени орталығы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 71 жылдығына арналған мерекелік концерт ұйымдастырды. Іс-шараға ҰОС ардагерлері мен тыл еңбекерлері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, зейнеткерлер мен жастар, қала қонақтары қатысты. Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ж.Нұршин құттықтау сөз сөйлеп, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне алғыс сөзін арнады. Ол өз сөзінде осы қасиетті де қасіретті мерекеде, Ұлы Жеңіс күнінде елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске аламыз, ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайтынын атап өтті.
Мерекелік бағдарламада көптеген майдан әндері шырқалды. «Оксана» халық хорының орындауында украин, орыс тілдерінде соғыс жылдарындағы әндер орындалды, «Барвинок» балалар үлгілі ұжымының орындауында ұлттық украин әндері айтылып, би биледі. Украин этномәдени бірлестігінің мүшесі Мұса Жәлелдің «Варваство» өлеңін оқыған сәтте, отырған көрерменнің көпшілігі көздеріне жас алды.
Қасіретті соғысты ұмытпаған, соғысты қаламайтын халық концертті «Ұмытуға – болмайды, қайтару мүмкін емес!» деп атады.
«Ақтөбе облысының әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
тел.: 8-7132-55-83-42
e-mail: kogamdykaktobe@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстанның іскер достар Клубы Ресейдің Орынборында да пайда болуы мүмкін
-
Ақтауда ҚХА-ның жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы өтті
-
Көкшетауда Ел Тәуелсіздігінің құрдастарына құрмет көрсетіліп, облыстық ҚХА-ның белсенділері марапатталды
-
Достықта шекара болмайды!
-
Өскемендегі Достық үйіне мүмкіндігі шектеулі азаматтар орнатылған пандустың арқасында емін-еркін кіре алады
-
ШАХАН ЖОЛДАСБАЕВ: ӨМІРДІҢ БИІК ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРҒАН АЗАМАТ
15 Тамыз, 17:43
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
15 Тамыз, 18:34
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
вчера, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
вчера, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
вчера, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстанның іскер достар Клубы Ресейдің Орынборында да пайда болуы мүмкін
-
Ақтауда ҚХА-ның жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы өтті
-
Көкшетауда Ел Тәуелсіздігінің құрдастарына құрмет көрсетіліп, облыстық ҚХА-ның белсенділері марапатталды
-
Достықта шекара болмайды!
-
Өскемендегі Достық үйіне мүмкіндігі шектеулі азаматтар орнатылған пандустың арқасында емін-еркін кіре алады
-
ШАХАН ЖОЛДАСБАЕВ: ӨМІРДІҢ БИІК ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРҒАН АЗАМАТ